Атырау, 23 сәуір 16:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

​Каникулды қалай өткізген жөн?

4 325 просмотра

Image 0Балалар каникулы компьютер мониторының алдында бос отырыспен емес, пайдалы өткенін қалаймыз. Спорттан артық пайдалы не бар? Баланы спортзалға апарайық. Тек оның спорттың қандай түрімен айналысатындығын таңдау ғана қалды. Қалада каникул кезінде жұмыс істейтін көптеген спорт секциялары бар.

Осындай ыстықта бірінші боп ойға келетіні - әрине, жүзу. Қалада бірнеше бассейн бар. Мәселен, «Атырау» ДСК. Бір мәрте берілетін балалар билеті 500 теңге тұрады, ал 12 сабақ кіретін бір айлық абонемент – 5200 теңге. Жаттықтырушымен өткізілетін сабақ үшін 5000 теңге қосымша төлеуге тура келеді. Бассейн таңертеңгі сағат 9-дан сағат 22-ге дейін жұмыс істейді (балалар ересектерсіз сағат 19-ға дейін бара алады). Балада міндетті түрде жүзу үшін телпегі, шомылу киімі, себілгі алуға резіңке сүйретпесі мен сүлгісі болуы керек. Әр дүйсенбі сайын түске дейін ДСК-де санитарлық күн болады. Сейсенбіде, бейсенбіде сағат 20.00-ден 21.00-ге дейін және жексенбіде сағат 19.00-ден 20.00-ге дейін бассейнде корпоративтік клиенттер – мұнай компаниясының қызметкерлері жүзеді.

Бір мәрте келген кезде медициналық анықтама қажет емес, абонемент сатып алған кезде балаға педиатрдың анықтамасы қажет. Жүзуден басқа ДСК-де таэквондо, карате, айкидо секциялары бар. Сабақ құны 6-8 мың теңге аралығында. Қосымша ақпаратты 32-88-34 телефоны арқылы білуге болады. Ал қыздар үшін көркем гимнастика секциясы жұмыс істейді. Спорттың осы әдемі түрін үйренуге қыздар 4 жастан бастап бара алады. Бір ай сабақ 15 мың теңге тұрады. ДСК-де жаттықтыру залы бар, оған балалар да бара алады. Олар үшін абонемент айына 4 мың теңге тұрады. Жүзу бассейндері «Атырау» спорттық-сауықтыру кешенінде (Ривьера) және «Мұнайшыда» бар. «Атырау» ССК-де жаттықтырушымен өтетін жеке сабақ 20 мың теңге тұрады, сәбилер үшін топтық сабақ – 14 мың теңге, үлкенірек балалар үшін – 12 мың теңге. Оған қоса 12 мың теңге абонементтің өзі үшін. Отбасындағы балалар санына қарай 40 және 45 мың теңгеден отбасылық кәртішкелер де бар. Кез келген бассейнге келген кездегідей дәрігерден анықтама керек және шомылу костюмы, телпегі, ауыстыратын аяқ киімі болу қажет. Толық ақпаратты 45-26-68 және 28-60-03 телефондары арқылы алуға болады.

«Мұнайшыда» жаттықтырушымен өтетін топтық сабақтың айлық абонементі 5-6 жастағы балалар үшін 12 мың теңге, 7 жастан бастап – 10 мың теңге. Ерекше дарынды балалар үшін «Судағы поло», «Заманауи бессайыс» және «Суға секіру» секцияларына бару мүмкіндігі бар. Ондағы сабақтар тегін жүргізіледі.

«Мұнайшы» ДСК-де балалар жүзуден өзге ақылы және тегін негізде басқалай спорт түрлеріне қатыса алады. Бокс, үстелүсті теннисі, шахмат, дойбы, кикбоксинг, тай-бокс – тегін; карате, үлкен теннис – ақылы (айына 7-8 мың теңге). Толық ақпаратты 45-36-82 телефонынан білуге болады.

Мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған клубта (Балықшыдағы ДСК) карате, айкидо, муай-тай секциялары жұмыс істейді. Онда 7-8 жастағы балалар айналысады. Көркем гимнастика секциясына қыздарды 4 жастан бастап қабылдайды.

«Атырау» футбол клубының жанында арнайы футбол орталығы жұмыс істейді. Оған 7 жастан бастап дарынды балаларды қабылдайды. Олар жас ерекшеліктері бойынша құралған командалармен жаттығады. Сабақтар «Ривьера» (Авангард) және «Судоремонтник» (Балықшы) стадиондарында өтеді. Жазда команда мен жаттықтырушыны негізінен түске дейін табуға болады.

Атырауда, сондай-ақ, бірнеше балалар-жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс істейді, бүкіл секция тегін: бокс, кикбоксинг, карате, таэквондо, үстелүсті теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, ауыр атлетика, баскетбол, волейбол, грек-рим күресі мен еркін күрес, дзюдо, самбо және қазақша күрес.

Бір кемшілігі – жазғы кезде жаттықтырушылар еңбек демалысына кетеді де, жаңа топтарды тек тамыздың аяғында – қыркүйектің басында жинайды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

18 маусым 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.