Атырау, 23 сәуір 13:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

​Газ иісі шықса, 104-ке хабарлаңыз

2 811 просмотра

- «АтырауГаз» үйлердің кіреберісінде орналасқан сары жәшіктерді тексере ме? Сәтпаев даңғылы бойындағы 13, 48б, 48, 58 үйлердің сары жәшіктерінің жанынан газдың өткір иісі шығып тұрады.

Жанна Сатарова

Бұл сұраққа облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінен жауап берді:

- «Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР заңына сәйкес, газ бөлу құрылғысының қалай орнатылғаны, техникалық қызмет көрсету және күрделі жөндеу жоспарлы тәртіпте тоқсан сайын жүргізеді. Бөтен иіс немесе ақаулар байқалса, тексеру мен техникалық қызмет көрсету шұғыл тәртіпте кезек күттірместен жүргізіледі. Барлық газ бөлу құрылғыларында апатты қызметтің шұғыл қоңырау шалатын телефон нөмірі көрсетіледі – 104. Өзге де қызықтырған сұрақтарға байланысты «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Атырау облыстық филиалына хабарласа аласыздар: 46-74-62.

18 маусым 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.