Атырау, 20 сәуір 19:39
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Сәттілік сәт сайын есік қақсын!

5 272 просмотра

Биылғы қоян жылы жаңажылдық символ бойынша шығыс күнтізбесінде қай істің де оңынан тууына сеп болып, оң қабақ танытатын жыл екен. Нағыз қоян дүмпуін күтіп отырған жергілікті қоян өсірушілер қояндарының жүндерін тарап, сүйікті тағамы болған сәбіздерін көбірек беріп отырған көрінеді. Сәттілік мені де айналып өтпесін деген оймен, олардың біріне жолығуды ұйғардым.

Жаңа жылды Әділжан ҒҰБАШЕВТІҢ отбасы бірден екі символмен қарсы алыпты: отағасының қояндарды өсіріп жатқанына бесінші жыл болыпты, ал оның өзі де Қоян жылы туылған екен. Қожайынның ауласында калифорниялық тұқымдас қояндар мен оның басқа да түрлері толып жүр. «Жазда 50-60 шақтысы болатын, алайда биыл қоспа жем қатты қымбатсып кеткендіктен, олардың санын азайтуға тура келді».

Алайда, тіпті сіз өзіңіз үшін қоян өсіретін болсаңыз, ерте ме, кеш пе базардан бір шығарыңыз сөзсіз. «Басқа не істейсің? Олар әр үш ай сайын көбейіп отырады, бір көбейгенде 12 көжектен туады,- деп күледі Әділжан. – Сондықтан кей демалыс күндері ескі базарға шығып тұрамын, оның үстіне ақша да артықтық етпейді».

Ескі колхоз базары – кәдуілгі қояндар сататын қаладағы бірден бір орын (зоодүкендерде декоративті түрлері сатылады). Сатушылар саны бес-алтау. Бағалары үлкендігі мен тұқымына қарай 2-3 мыңнан 6-7 мыңға дейінгі аралықта болады. Ең ұсақ түрлері 500-800 теңгеден өтеді. Базардан калифорниялық тұқымды қояндарды, сондай-ақ «көбелек», «великан» деп аталатын және ангор қояндарын  кездестіруге болады. Рас, білгір адамдардың айтуынша, бізде ұзын жүнді, таза қанды түрлері жоққа жақын екен, біздегілер аралас тұқымдастар ғана дейді. Нағыз қоян өсірушілер оларды көршілес Орал қаласынан сатып алатын көрінеді. Ол жақта арзанырақ әрі түрлері де мол.

Жақын аумақта тұратын балалар ескі колхоз базарына жиі келіп тұрады. Әрине, олар бір қоянды сатып алып, олардың сәбізді қалай жегенін көргенше асығады. «Бұлар сондай күлкіңді келтіреді», - дейді Әділжанның 12 жасар ұлы Темірлан. Өзі қояндардан бір елі ажырамайтын көрінеді. «Қояндарды ұялы телефонына суретке түсіруден жалықпайды», - дейді әкесі.

«Негізінен бізде жас қояндар көбірек өтеді. Ата-аналары балалары үшін сатып алады. Бірақ соңғы кездері үлкендері де өтетін болған, бір алғанда 2-3-уі кетеді, оларды кәуап пісіруге алып жатады. Әдейілеп келіп, тапсырыс та береді. Кейбіреулері қоянның қанын (емдеуге деседі) сұрайды, біреулерге терісі керек, алайда көбінесе қоянның етін сатып алады. Мен өзім қоян етін жеймін, бірақ әйелім мен балам оны ұнатпайды. Қоян етінің дәмі тауық етінің дәміне ұқсас, тез піседі, диеталық тағам боп есептеледі. Оны бауыры ауыратындар жейді», - деп Әділжан өз білгенімен бөлісті.

Әрине, бұл жолы жаңажылдық дастарханда қоян еті болған жоқ, керісінше ұзынқұлақтардың өздерін азықтандырады екен. Нағыз «вегетариандықтардай», олар орамжапырақты, сәбізді, картоп қабықтарын және басқа да көкөніс қалдықтарын жейді. Алайда оларды міндетті түрде қоспа жеммен азықтандыру керек.

Бұл мақұлық бір көргендей, жуас емес. Оларды бір-бірін тырнап, тістеп, жаралап тастамас үшін бөлек ұстауға тура келеді. «Олардың алдыңғы тістері егеуқұйрықтыкі сияқты өте мықты. Олардың тістері үнемі қышитындықтан, ауыздарына әдетте  кемірсін деп шыбықтар салып қоямын».

Ал көжектер қорғансыз боп туады екен: салмақтары 200 граммнан аспайды, көздері көріңкіремейді, үстерінде жүндері де болмайды. Бір-екі айға дейін анасының қастарында болады, содан соң олар өздіктерімен тордан шыға бастайды. Кішкентай ғана құлақтары сондай сүйкімді, олар бір-бірін түрткілеп ойнағанды жақсы көреді екен.

Қоян өсірушілер тіпті қыста да қояндарды сыртта (аулада немесе балконда) ұстайды. Жылы терісінің арқасында олар аязда тоңбайды. Бастысы торды жел өтінен жылы ұстап, сабанды көбірек төсеу керек. Бір таңқаларлығы, қоянды бостандыққа жіберсе, олар өз үйлерінен алыстап ешқайда кетпейді екен. Күй талғамайтын, сақ және адал мақұлық. Бастысы – ол өсімталдықтың және жайлылықтың үлгісі.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Суретті түсірген В.Истомин

5 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.