Атырау, 29 наурыз 20:54
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Жаппай ұсыныс қаруы

1 560 просмотра

– Жарамсыз газ тапаншасын қайта тіркегім келген, бірақ құқыққорғау органдарында маған оны кәдеге жаратуға тапсыруды ұсынды. Тапаншаны тапсырдым, ал қолыма ешқандай құжаттар алған жоқпын. Сол жерде ұсталған тапаншаны алуды ұсынды. Қаруды кәдеге жаратуды тапсыру процедурасы қандай? Құқыққорғау органдарынан бұрын пайдаланылған қаруды алуға болатыны рас па? Ол қалай ресімделеді?

Телефон арқылы

Сұраққа ІІД ӘПБ-нің қару айналымын лицензиялау және бақылау тобының аға инспекторы Талғат УСИЕВ жауап берді:

– Қару қожайындары әрбір бес жыл сайын қайта тіркеуден өтеді. Егер қару қожайыны өзінде бар қаруды жарамсыздығына байланысты кәдеге жаратуға тапсырғысы келсе, ол тиісті өтініш жазады. Біз өз кезегімізде тапсырылатын қару туралы ақпаратты арнайы журналға енгіземіз, ал азаматқа қарудың қабылданғаны туралы түбіртек береміз. Құқыққорғау органдарынан бұрын пайдаланылған қаруды сатып алуға келер болсақ: дұрысында, оқырман әлденені дұрыс түсінбеген болар, біз қару өткізумен айналыспаймыз.

4 маусым 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.