Атырау, 29 наурыз 14:11
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Педофил өз қарындасын үш жыл бойы зорлап келген

3 614 просмотра

Image 0Қызылқоға ауданының 28 жастағы тұрғыны үш жыл бойына кәмелетке толмаған қарындасын зорлап келген деп күдіктелуде.

Алғаш рет оның бір анадан туған, әкелері бөлек қарындасын 2012 жылы ол 12 жаста болған кезде зорлағандығы анықталды, - дейді облыстық соттың ақпаратпен қамту қызметінің жетекшісі Боранбай ҒАЛИЕВ. Одан кейінгі үш жылда отбасылы болған зорлықшы өз әрекетін әлденеше рет қайталаған, бірақ бұл туралы айтуға қыз қорыққан. Өйткені оны өлтіремін деп қорқытқан.

15-тен 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын ҚР ҚК-нің 120-бабының 4-тармағы («Көрінеу жас балаға қатысты жасалған зорлық») бойынша іс қозғалды. Сот қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын алды.

Анастасия ПАСТУХОВА

29 мамыр 2015, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.