Атырау, 19 сәуір 17:13
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Астанада “Антигептил” ұйымының белсенділері киіктің кейпіне еніп, акция ұйымдастырды

1 394 просмотра

Image 0Астанада атышулы «Антигептил» ұйымының белсенділері мыңдап қырылған киіктің кейпіне еніп, қарсылық акциясын ұйымдастырды.

Бұл туралы хабарлайды.

“Осы күннен бастап осы мәселені қолға алмасақ, киікке келген күн бізге де келеді", – дейді олар.

Сценарий бойынша, белсенділер улы гептил төгілген даланың шөбін жеп жерге құлайды. Осылайша қырылған түз жануарларына жанашырлақ танытып, жұртқа жұттың «Протоннан» келгенін түсіндірмек болды. Әрі Ресей зымырандарына шаң жуытпаған шенеуніктерге қарсы шығып, сынақ палигондарын жабуды тағы талап етті.

Жарты сағатқа созылған қарсылық шарасына Астананың полицейлері де бәрінен бұрын жетіп алыпты.Тек сырттан жымиып бақылаған олар, бұл жолы табиғат жанашырларына тиіскен жоқ.

Ал Бетбақдалада киіктердің қырылуы әлі жалғасып жатыр. Бүгінге дейін 120 мыңнан аса ақбөкеннің өлексесі табылған. Жұттың себептерін жіті тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.

Дереккөз: КТК арнасы

29 мамыр 2015, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.