Атырау, 25 сәуір 06:48
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

ҚарЛаг-қа қатысты эксклюзивті материалдар жарық көрді

2 288 просмотра

Image 0АСТАНА. ҚазАқпарат - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында «ҚарЛаг: болашақ үшін есте сақтау» ғылыми жобасының тағы бір кітабы жарық көрді.

Бұл ғылыми-зерттеу еңбекте КСРО ІІМ Лагерьлер бас басқармасының кезінде Ресей аумағында ұйымдастырылған ерекше лагерьлер (№1 Минеральный, №2 Горный, №3 Дубравный және №5 Береговой) тарихының проблемалары, басым көпшілігі ғылыми айналымға алғаш рет еніп отырған ауқымды құжаттық материалдар негізінде байыпталып, мәселенің осыған дейін аз зерттелген тұстары қарастырылған. Сондай-ақ бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған эксклюзивті тарихи материалдар енгізілген.

Тұтқындардың саны мен құрамы, лагерьдегі өмірі, оларға көрсетілген медициналық қызмет сапасы, ауру түрлері мен өлім-жітім, еңбекке пайдалану сипаты мен ауқымы, сонымен бірге лагерь жеке құрамының жұмыс сипаты барынша жан-жақты талданады.

Жоба жетекшісі, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Дулатбековтің айтуынша, Кеңес Одағының ХХ ғасыр ортасындағы тарихы отандық, ресейлік және шетелдік ғалымдар тарапынан қанша зерттелді десек те, әлі күнге дейін оң бағасын ала қоймаған ақтаңдақтары жеткілікті. Бұл - әсіресе кеңестік мемлекеттің сол кезеңде әлеуметтік-экономикалық және саяси-құқықтық феномені болған, тұтас мемлекеттің тарихына үлкен әсер еткен лагерь-түрме жүйесінің құрылуымен тығыз байланысты және тарихнамада қайшылықтарға толы кезең.

Жоба аясында осы күнге дейін жиырмадан астам кітап жарық көрген болатын.

Дереккөз: inform.kz

29 мамыр 2015, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.