Атырау, 25 сәуір 21:27
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«ҚазАгро» басқарма төрағасы тағайындалды

2 104 просмотра

Image 0Астана. 29 мамыр. ҚазТАГ – Нұрлыбек Мәлелов «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады холдингінің баспасөз қызметі.

«2015 жылғы 28 мамырдағы Жалғыз Акционердің шешімімен және Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы болып Мәлелов Нұрлыбек Төлебайұлы тағайындалды», - делінген жұма күні таратылған хабарда.

«Холдинг ұжымына жаңа басшыны таныстыру барысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Мәлелов Нұрлыбек Төлебайұлының қаржылық институттарда, сонымен қатар «ҚазАгро» Холдингінің құрылымдарында жұмыс істеудің үлкен тәжірибиесі бар екендігін атап өтті. Министрдің сөзіне сәйкес бүгінгі күні Холдинг пен оның жаңа басшысының алдында үлкен тапсырмалар тұр. Оның ішінде – 2011-2020 жылдарға «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ даму Стратегиясына еншілес компаниялардың қызметін оңтайландыру мен оның орындалуын бағалауды ескере отырып өзгерістер ен гізу.

2009 жылдан бері «ҚазАгро» Холдингі жүйесінде қызмет етуде: «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма Төрағасы, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасы болды.

Дереккөз: ҚазТАГ

29 мамыр 2015, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.