Атырау, 23 сәуір 16:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Атыраудың екі тұрғыны Каспийде жоғалып кетті

1 918 просмотра

Image 0Туыстары олардың жоғалғандығы туралы ресми арызбен 23 мамырда кешкісін шағымданған. Жоғалғандардың бірінің бауырының айтуынша, ол досымен бірге 21 мамырда моторлы қайықпен Жайық бойымен Каспий теңізіне бет алған екен.

Жедел іздестіру шарасы басталды. ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, «Казавиаспас» РМК-нің МИ-8 тікұшағы әуеге көтерілген. Оның бортында ТЖД қызметкерлері, «Апаттық медицина орталығының» фельдшері, «Батыс өңірлік аэромобильді апаттан құтқару жасағы» ММ құтқарушылары болды. Судан құтқару қызметтері су бетінен іздеу жүргізеді. Іздеу жұмыстары әлі жалғасуда, бірақ әзірге жоғалғандар табыла қойған жоқ.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

28 мамыр 2015, 16:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.