Атырау, 24 сәуір 16:42
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

«Табыстарын шетелге ала қашатындарға шектеу қою мүмкін бе?». «Ұлттық банктi көшiру қымбатқа түседi». «Ресейдiң Қазақстандағы ғарыш кешенi мен полигондарын түгел жабу қажет!». «ҚарЛАГ-та үш рет отырып, екі рет қашқан қазақ».

1 707 просмотра

AZATTYQ. ORG «Қазақстан мен Түркіменстан Каспийдегі үлестерін бөлісті» - Каспий жағасындағы бес мемлекет арасында теңіздің құқықтық мәртебесі мен оны бөлісуге қатысты құжаттың болмауына қарамастан, Қазақстан мен Түркіменстан теңіздегі шекараларын бекітті.

«АҚШ-та Диас Қадырбаевты 7 жылға соттауды сұрады» - Мамырдың 27-сі күні АҚШ прокурорларының "Бостон марафонындағы жарылысты тергеуге кедергі келтірген" қазақстандық Диас Қадырбаевты 7 жылға соттауды сұрағаны жөнінде ақпарат тарады.

ALASHAINASY.KZ «ҚарЛАГ-та үш рет отырып, екі рет қашқан қазақ» - Арқа өңірінің Көкшетеңізіне қараған Қарасу, Жылымсу жерінде Бұқардың барша оқуын тауысқан Әйменбет Әжібайұлы атты қазақ өткен. Сол кісіні жалпақ жұрт есімін жұқартып, Әйекелеп отырады.

«Табыстарын шетелге ала қашатындарға шектеу қою мүмкін бе?» - Біз Тәуелсіздік алғалы бері ел экономикасына 130 млрд АҚШ долларына жуық инвестиция құйылғанын айтып мақтанамыз. Алайда мамандар «сол 130 млрд инвестиция құйған шетелдіктер, пайданы екі еселеп тауып жатыр» дейді мамандар. Мысалы, соңғы он жылдың ішінде елімізден шетелге кеткен қаржы 140 млрд доллардан асқан.

ZHASALASH.KZ. «Тирандар тарихта қалады...» - Саяси қуғын-сүргiн құрбандарының бiрi – мемлекет және қоғам қайраткерi Алтынбек Сәрсенбайұлы 2004 жылғы сұхбаттарының бiрiнде былай деп едi: “Тарихта әртүрлi iз қалдыруға болады: тарихқа абыроймен кiруге болады, керiсiнше, “қара таңбамен" қалуға да болады. Бiреудiң ойынында маңызды қызмет атқарсаң да...".

«Тәуелсiздiк тұсындағы саясат құрбандары» - Өзге елдi қайдам, қазақ тәуелсiздiк үшiн қан төктi. 86-дағы көтерiлiс Кеңестiк режимнiң сұрқиялығына берiлген алғашқы соққы едi дегендi көкiрегiнде көзi бар тарихшылар тегiн айтып жүрген жоқ.

«Ұлттық банктi көшiру қымбатқа түседi» - Жақында Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келiмбетов қаржы саласына қатысты маңызды шешiмдер қабылданғанын мәлiмдеп, оларды тiзiп шықты.

«Ресейдiң Қазақстандағы ғарыш кешенi мен полигондарын түгел жабу қажет!» - Тұтас бiр ұлттың бар-жоғына, ерiк-ықыласына, мұң-мұқтажына, болашағына атүстi қараған мұндай “ел ағалары", олардың өз психологиясына, өмiрлiк позициясына сай iрiктеп, дайындап, қазақ жерiн “игеруге" аттандырған “кадрлары" кiмдi оңдыртсын, ненi аясын!

SERKE.ORG. «Саяси репрессияның себебі мен салдары» - Советтік қасаң дәуірде ашық айтуға тыйым салынған қасіретті белестердің бірін жұрт оңашада «37» деген цифр арқылы елестететін.


28 мамыр 2015, 14:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.