Атырау, 28 наурыз 21:01
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Оқиғалар тізбегі

2 586 просмотра

Image 0Мамырдың 21-іне қараған түні Крупская көшесіндегі үйлердің бірінде подъезде қалдырылған «Стерн» велосипеді ұрланып кетті. 34 жастағы қала тұрғыны ұрлық жасады деп күдіктелуде. Ол Момышұлы көшесінің бойындағы үйден «Стелс» велосипедін ұрлау кезінде ұсталды.

***

Полицияға Жылыой ауданының 30 жастағы тұрғыны шағымданды. 21 мамырға қараған түні Азаттық даңғылы бойындағы мейрамханалардың бірінде оны екі қыз соққыға жыққан. Бұзақылық жасады деген күдікпен Сағыз станциясының тұрғыны, 21 жастағы қыз бен Ганюшкин селосындағы оның 18 жасар құрбысы ұсталды. Тергеу жүргізілуде.

***

Мамырдың 21-іне қараған түні қала маңындағы Томарлы поселкесінде моншадан 28 жастағы жергілікті тұрғынының әмияны ұрланған. Әмиян қожайыны байқағанша, қаскөй банкомат кәртішкесінен 400 мыңнан астам теңгені түсіріп үлгерген. Ұрының жеке басы анықталды, оған іздеу жарияланды.

***

«Бекіре» операциясының барысында полиция 21 мамырда Жанбай селосына жақын маңда 38 жастағы Құлсары тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Рено Сандеро» көлігін тоқтатты. Жүксалғыштан 71 келі жаңа ауланған бекіре балығы табылды. Тергеу жүргізілуде.

***

Жұмыскер тұрғыны зорлықшылардың құрбанына айнала жаздады. Анықталғандай, 21 мамырда сағат 23.30-да әйел Датов көшесінің бойындағы көлікжайлар ауданында өз танысының Lada Granta көлігіне отырады. Айта кетелік, Атырау қаласы тұрғындарының арасында «паровоз маңындағы көлікжайлар» жаман атаққа ие. Көшеде ешкім болмаған, ешкім көмекке келмепті. Алайда әйел сытылып, қашып шыққан. Ол бірден полицияға шағымданды. 1981 жылы туылған ер адам ұсталды.

***

Атыраудағы қонақ үйлердің бірінің күзетшісі сауна клиенттеріне жезөкшелер әкеліп «табыс тапқан». Өз қызметін 44 жастағы күзетші «бір қызға 2 мыңнан» бағалаған. ІІД ҰҚКБ қызметкерлері оны сол арқылы ұстады. Қазіргі кезде ол басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

Говоров көшесінің бойындағы база аумағынан 23 мамырда 49 метр пластик тұрба ұрланған. Бей-жай қалмаған куәгер полицияға қоңырау шалып, ұрылар мінген көлік нөмірін хабарлады. Жедел топ күдіктілерді қылмыс үстінде ұстады. 53 жастағы бортты «Газель» жүргізушісі мен оның 25 жастағы жолаушысы басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Сол күні Қызылоқоға ауданының Миялы поселкесінде полиция ЖШС-лардың бірінің аумағынан құрылыс материалдарын ұрлады деген күдікпен 59 жастағы бортты УАЗ көлігінің жүргізушісін ұстады.

***

Алмагүл ықшамауданының тұрғыны 24 мамырда полицияға хабарласты: азаматтық некедегі күйеуі оның пәтерінен сырғасын, сақинасы мен 260 мың теңге қолма қол ақшасын ұрлаған. Тергеу жүргізілуде.

***

Аққыстау селосына жақын маңда, Атырау-Астрахань трассасында полиция қызметкерлері көлікті тоқтатып, салоннан бекіре тұқымдас сегіз балық тапқан. Жүргізуші, Жанбай поселкесінің 25 жастағы тұрғыны басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

Мамырдың 23-іне қараған түні Алмагүл ықшамауданында көпқатарлы үйдің подъезінде 32 жастағы ер адам 45 жастағы әйелді зорлауға әрекеттенген. Тергеу жүргізілуде.

***

Мамырдың 25-іне қараған түні Авангард 3-ші ықшамаудандағы супермаркетте қолтығына бөтелке қысып алып шықпақ болған ұры ұсталды. Күдікті өзін Құрманғазы ауданындағы Дәшін селосының 29 жастағы тұрғынымен деп таныстырды.

***

Мамырдың 26-сына қараған түні Құлсары қаласы 3-ықшамаудандағы пәтерлердің бірінен ішіне пышақ жарақаты салынған ер адамның мүрдесі табылды. Қылмыстың спирттік ішімдіктер ішкен үш ер адамның ұрыс-керісі салдарынан орын алғаны анықталды. Күдіктіге іздеу жарияланды.

***

Мамырдың 26-да кешкісін Махамбет ауданының Бейбарыс селосында «Тойота Ланд Крузер» мен ГАЗ-3102 көлігі соқтығысты. ЖКО нәтижесінде «Тойота» жүргізушісі сол жерде көз жұмды.

28 мамыр 2015, 14:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.