Атырау, 25 сәуір 00:15
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Аудан жаңалықтары

2 277 просмотра

Балалар. Жаз. Каникул

Исатай аудандық білім бөлімінен хабарлағандай, жазғы демалыс кезінде аз қамтылған, жетім, жартылай жетім 48 бала Железноводскідегі «Қазақстан геологы» пансионатында демалады және 2 бала Италияға барады.

Тағы 580 бала мектептердің жанындағы лагерьлерде демалады. Забурын ауылындағы мектепте ашылатын емдеу-сауықтыру лагерінде туберкулезге бейім 75 бала демалады.

***

Балабақшалар болады

Жылыой ауданындағы Тұрғызба, Ақкиізтоғай, Шоқпартоғай, Қосшағыл ауылдарының әрқайсысында 160 орындық балабақша құрылысы басталды.

Мердігерлер құрылысты биыл бітіруді жоспарлап отыр.

***

Тасқынға - тосқын

Индер ауданы Есбол ауылында су тасқынына қарсы оқу жаттығу шарасы өтті.

Бұған 300-ге жуық адам және 30 техника қатысты. Шара барысында 2800 метр бөгетті көтеріп, тұрғындарды эвакуациялап, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді.

***

Бәйгетөбенің бас жоспары

Мақат аудандық әкімдігінде Бәйгетөбе ауылдық округінің бас жоспары талқыланды.

Онда инженерлік-транспорттық инфрақұрылымын дамыту, әлеуметтік нысандар орналастыру, тұрғын үй құрылысы, абаттандыру мәселелері сөз болды.

***

Аула жолдары жөнделеді

Мақат кентінде биыл көпқабатты үйлердің алдындағы жолдар мен тротуарларды жөндеу жұмыстары басталады.

Бұған бюджеттен 300 млн теңге бөлінді. Мердігер - «АИС» ЖШС.

***

Асфальттағы миллиондар

Доссор кентінің тоз-тозы шыққан 11 шақырым жолын жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.

Қазір жөндеу жұмысының жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Оны жасақтауға бюджеттен 18 млн теңге бөлінген болатын.

28 мамыр 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.