Атырау, 25 сәуір 20:01
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Депутат Білім министрін жұмыстан шығаруды ұсынды

1 527 просмотра

Image 0Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Білім министрінің ұсыныстарын қабылдай бергенше, министрді ауыстыру керектігін айтты.

Бүгін парламент мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында төменгі палатадағы «Ақжол» партиясының фракциясы аталмыш заң жобасын қолдаудан бас тартты деп жазады.

«Расымен, заң жобасын әзірлеген жұмыс тобы Білім және ғылым министрлігімен бірге көп жұмыс атқарған. Мен заң жобасына қатысты білім беру ұйымдарын тәуелсіз халықаралық аккредитациядан өткізуді енгізу туралы мәселеге тоқталсам деймін. Айта кетерлік бір жайт, қазақстандық жоғары оқу орындарының шетелде білім алуы үшін қойылатын талаптардың бірі – осы жоғары оқу орындары мен білім беру бағдарламаларының аккредитациясы. Ал, Білім министрлігінің қазір енгізейін деп отырған өзгерістері аккредитация мен аттестация мерзімін кейінге шегермекші. Сол арқылы біздің түлектердің шет елдерде білім алуына кедергі жасамақшы. Оның үстіне, 2010 жылы Білім және ғылым министрлігі Болон конвенциясына қол қойып, еуропалық жоғары білім беру аймағына қосылған. Сол еуропалық білім беру аймағындағы бес қағидаттың бірі – тәуелсіз аккредитация енгізу шарты. Бірақ, бүгін заң жобасына өзгерістер енгізу арқылы министрлік жоғары оқу орындары мен кәсіптік-техникалық білім беру орындарында мемлекеттік аттестацияны сақтай тұру көзделген. Бірқатар депутаттардың арқасында тәуелсіз аккредитация жүргізу сақталған болатын, оның өзінде жоғары оқу орындары тек 2017 жылдан бастап, кәсіптік-техникалық оқу орындарын 2028 жылдан бастап тәуелсіз аккредитациядан өткізу басталады. Осылардың барлығын ескере келе, «Ақжол» фракциясы заң жобасын қолдаудан бас тартады»,-деді «Ақжол» фракциясының төрағасы Азат Перуашев.

Қызуқандылыққа салынған Перуашев содан соң министрді қызметінен кетуге шақырды.

«Президент тапсырмасын орындамағандықтан, сізге неге қызметіңізден кетпейсіз дегім келіп тұр. Заңды ауыстыра бергенше, министрді ауыстырған жөн», – деді Азат Перуашев.

Дереккөз: Nur.kz

27 мамыр 2015, 14:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.