Атырау, 24 сәуір 13:05
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​Ресейде Североуральскінің қашып кеткен мэрі сырттай сотталды

1 483 просмотра

Image 0РФ Свердловск облысының соты Североуральскінің бұрынғы қала басшысы Юрий Фроловты бопсалау бойынша айыпты деп танып, оны сырттай тоғыз жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, деп жазады «ВВС» агенттігі.

Сот Фроловтың 2007-2010 жылдар аралығында құрылыс фирмасының директорынан 900 мың рубль (18 мың доллар) көлемінде пара алғаны туралы деректер келтірген тергеу тарапымен келісті. Тергеушілердің нұсқасы бойынша, мэр құрылысшылар орындаған жұмыстарды қабылдап, ақшаны аударуға тек осы жағдайда ғана келіскен.

Қосымша айып ретінде сотталушыға 800 мың рубль көлемінде айыппұл салынды.
Іс сотталушының қатысуынсыз өтті. Себебі, ол 5 млн рубль көлемінде кепіл ақша беріп, босатылған соң, ізін суытқан. Оған халықаралық іздеу жарияланды, ал кепіл ақшасы мемлекет табысына салынды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

27 мамыр 2015, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.