Атырау, 19 сәуір 03:37
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​«Менің батырым - Донор»

1 874 просмотра

Image 0Атырауда осылай аталған акцияны 100 адам қолдады. Олар келіп, қан тапсырды.

«Жүректен Жүрекке» қоғамдық қоры жастар бірлестіктері мен «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының қолдауымен облыстық Қан тапсыру орталығында акция өткізді. Донор мәртебесін көтеру қазіргі уақытта өте өзекті болып отыр, өйткені қан тапсырған адам қоғамның ризашылығынан басқа, ештеңеге ие болмайды. Кеңестік кездегі жеңілдіктер жойылған, кейде жұмыс берушілер өздерінің донор қызметкерлеріне бір күн заңды демалысын да бермейді. Нәтижесінде қан тапсырғысы келетіндер азайып бара жатыр, көбіне қанға зәру науқастың туған-туысқандары тапсырады.

Біздің облысымызда ақылы қан мен плазма донорлары бар. Алғашқылары 450 мл-ге дейін (4 мың теңге шамасында) жылына 5 рет тапсырады, ал плазманы ай сайын тапсыра беруге болады, ол 600-700 мл-ге 8 мың теңге тұрады. Алайда ақылы донорлар белгілі бір талаптарға сай болуы керек – денсаулығы мықты және тұрақты түрде тексеріліп тұруы қажет.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

26 мамыр 2015, 17:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.