Атырау, 20 сәуір 17:17
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Әрқайсысына мыңнан...

3 033 просмотра

Image 0Атырау облысында көліктерді тіркеу және есептен шығару кезінде көлік қожайындарынан ауыртпалықты тексергені үшін заңсыз ақы алынған.

«АЖ»-ға белгілі болғандай, ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасының (ІҚБ) қызметкерлері жол полициясы органдарына құжаттарды ресімдеу кезінде кезекке тұрғысы келмейтін азаматтарға делдалдық қызмет көрсеткен әлдебір кәсіпкерді анықтады.

«Атырау облысының тұрғындарынан ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы №851 қаулысымен бекітілген «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларына» сәйкес тегін болып табылатын қызмет үшін ақшалай қаржы алынып отырған. Әңгіме көліктің ауыртпалығын тексеру қызметі туралы болып отыр, - деп жазады редакция сауалына жауап берген Атырау облыстық ІІД ІҚБ бастығы Сенбай ЖАПАҚОВ.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, соның аясында ІҚБ қызметкерлері 15 мамырда облыс аумағы бойынша бүкіл көлік құралдарын тіркеу орындарындағы, сондай-ақ «жалған» төлем жүргізілген банктің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінен («тергеу мүддесіне сай» банктің атауы жария етілмейді) іске қатысты маңызы бар құжаттарды алу жұмыстарын жүргізді. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, соның нәтижелері бойынша материалдық зиян мен кінәлі тұлғалар анықталатын болады.

Біз биылғы жылдың ақпан айында сатып алынған көлігін делдалдарсыз өзі ресімдеген қала тұрғынымен сөйлестік. Ол былай дейді:

Тіркеу бөлімінде маған «бегунок» берді, ол бойынша мен көлік құралына (6 093 теңге) салық, мемлекеттік нөмір үшін (5 500 теңге) мемлекеттік баж салығын, көлік құралын тіркеу туралы куәлікті бергені үшін (2 400 теңге), көлік құралын мемлекеттік тіркеуге алғаны үшін (500 теңге) алым төледім. Сол жерде ауыртпалықты тексеретін пункт болды, ол үшін мен 1000 теңге төледім. Бүкіл түбіртекті қажетті құжаттармен бірге тапсырдым, қолымда тек көшірмелері ғана қалды.

Тамара СУХОМЛИНОВА

26 мамыр 2015, 12:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.