Атырау, 29 наурыз 17:04
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Созылмалы» келісім-шарт

2 602 просмотра

«АЖ» редакциясына мұнай және газ институты студенттерінің ата-аналары екінші курста оқитын балаларының оқу ақыларының өсуіне қатысты жағдайды түсіндіріп беруді өтініп, хабарласқан еді.

Естеріңізде болса, тамыз айының өзінде-ақ, Атыраудағы басты екі жоғары оқу орындары - Мұнай және газ институты мен Х.Досмұхамедов атындағы университетте оқу ақысының өсетіндігі туралы белгілі болған болатын. Алайда, бұл ақпарат тек биылғы жылы ғана оқуға түскендерге қатысты еді.

Студенттердің ата-аналарының айтуынша, 1-ші қыркүйектен бастап екінші курстың студенттерін сабақтан босатып, есеп бөліміне жаңа келісім-шартқа отыру үшін шақыртқан. Келісім-шартта жылдық оқу ақысының қандай факультет екендігіне қарамастан 50 мыңнан 60 мың теңгеге көтерілетіндігі көрсетілген. Студенттердің бір бөлігі бұл жаңа құжатқа қол қоюдан бас тартқан және сол әрекеттері үшін әлі күнге дейін кураторларынан сөгіс алуда.

«Менің қызым автоматика және басқару факультетінде оқиды. 4 жылға жасалған келісім-шартқа сәйкес барлық оқу жылы үшін мен бір миллион екі жүз алпыс мың теңге төлеуге тиістімін. Жаңа құжаттың «арқасында» бұл сома айтарлықтай өсіп отыр. Егер мен бірінші курстың оқу ақысы үшін 260 мың теңге төлесем, енді мен 312 мың теңге төлеуге тиіспін, -дейді студенттердің бірінің анасы Зарина МАҚАЖАНОВА.  –Мен мұны заңсыз деп есептеймін. Және бастысы біз  бұған қарсы еш уәж айта алатын емеспіз. Біз шарасыз күйде қалдық, өйткені, балаларымыз болса, бірінші курсты бітіріп үлгерді, басқа бір университетке барып, қайтадан бірінші курсты қайдан оқиды?»

Осыған түсінік алу үшін біз Мұнай және газ институтының ұйымдастыру бөліміне хабарластық. Бізге факультет деканы Аманжан САҒЫНАЕВ былай деді:

-  Студенттер университет басшылығы келісім-шартты «қайта жазуды» талап етуде деп қателесіп отыр. Келісім-шарт төрт жылға жасалған, оның күші бұзылмайды және оның қайта жазылуы мүмкін емес. Алайда, негізгі құжатқа қосымша тағы бір қағаз бар, ол қосымша келісім деп аталады. Ол құжат туралы келісім-шартта айтылған. Осы келісімде оқу ақысының дәлелді себептерге байланысты өсіп отыратындығы тайға таңба басқандай жазылған. Бұл себеп – жоғары инфляцияның орын алуы.  Инфляция туралы тармақ келісім-шартта да жазылған. Студенттер мен олардың ата-аналарына осындай келеңсіз жағдайларға ұрынбау үшін келісім-шартқа қол қоймас бұрын алдымен  құжаттарды мұқият оқып шығу керек.

Анастасия ПАСТУХОВА

6 қазан 2011, 21:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.