Атырау, 19 сәуір 15:16
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Қысқа қайырғанда

1 999 просмотра

Прокуратураның ұйғарымы бойынша жұмысшыларына 8 млн. теңге шамасында қарыз болып қалған «КСК-Секьюрити» ЖШС-нің басшылығы 43 жұмысшыға еңбекақыларын төледі. Бұдан басқа, қала прокурорының аға көмекшісі М.Эсенболатовтың айтуынша, ЖШС-ке 30 АЕК көлемінде айыппұл салынып, оған қоса, зейнетақы және әлеуметтік салықтарды төлемегендігі үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұйғарым шығарылды.   

 

Облыстағы мүгедектер ұйымы өкілдеріне 23 қыркүйекте «NCOC» компаниясының басшылығы «Аджип ККО» компаниясымен бірлесе отырып, 200 азық-түлік купондарын табыс етті. Бұл акция халықаралық мүгедектер күніне орайластырылған еді. Әрбір купонға «Атаба» супермаркеттерінен 9 мың теңгеге азық-түлік өнімдерін сатып алуға болады. Купондар қазан айының аяғына дейін жарамды.

 

Алғаш рет ұзақ уақыт ішінде екінші деңгейлі банктер филиалдарының несие портфелінде оң өзгеріс байқалды - несие бойынша мерзімі өтіп кеткен бережақтар 8,9 млрд. теңгеге дейін төмендеген, ол өткен жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда 2,7% азайды. Жыл басынан бері  екінші деңгейлі банктер филиалдары бойынша 84,5 млрд. теңге несие берілген, ол өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 25,8 млрд. теңгеге артық.  2011 жылдың 1 қыркүйегінде заңды тұлғалардың депозит бойынша орташа өлшемді бағамы 2010 жылдың 1 қыркүйегімен салыстырғанда 3,9% дейін, ал, жеке тұлғалардың депозиттері - 7,7% дейін азайды.

6 қазан 2011, 21:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.