Атырау, 29 наурыз 05:47
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Қармақтар 12 мм-ден аспауы керек

3 281 просмотра

Image 02015 жылғы 26 сәуірде жаңа Балық аулау тәртібі күшіне енді.

Атап айтсақ, «Әуесқойлық балық аулау тәртібі» деп аталатын 4-тарауда былай делінген: «...19. Әуесқойлық (спорттық) балық аулау бір балық аулаушыға бес данадан аспайтын ілмектері бар қармақтардың барлық жүйелерімен және атауларымен (жылтырауық, қармақ, жыртқыш балықтарды аулауға арналған қармақтар, спиннингтер), су асты аңшылығына арналған қарумен, сондай-ақ үш данадан аспайтын шаяндар мен басқа да су жануарларын және омыртқасыздарды аулауға арналған арнайы аспаптармен, қақпандармен және секреттермен жүргізіледі.

Арнайы құрылатын аспаптар мен су асты аңшылығына арналған қару халық демалатын аймақтан тысқары арнайы бөлінген жерлерде, сондай-ақ балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) рекреациялық балық аулау учаскелерінде жүзеге асырылады.

20. Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау бір балықшыға бір шыққанда бес килограммға дейін ақысыз қандай да бір рұқсатсыз жүзеге асырылады.

Егер Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау ауланған балықтың салмағы тегін аулауға рұқсат етілген (5 кг) салмақтан асып кеткен жағдайда жергілікті атқарушы органның жеке тұлғаның өтініші бойынша берген рұқсат қағазы негізінде жүзеге асырылады.

21. Балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жеке тұлғалар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерін қадағалайтын жануарлар әлемін қолданушы ауызша немесе жазбаша өтініш бойынша берген жолдамалары негізінде жүзеге асырады.

22. Балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулаған балық аулаушыда келесілер болуы керек:

1. жолдама (балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне бекітілген); 2. рұқсат қағазы (балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында бес келіден жоғары балық немесе басқа да жануарларды әуесқойлық (спорттық) балық аулауға рұқсат); 3. төлқұжат».

Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының ихтиологиялық мониторинг және балық аулауды реттеу бөлімінің басшысы Мәншүк ТЕМЕШЕВАНЫҢ айтуынша, Балық аулау ережесінің талаптары бұрынғысына қарағанда көп өзгерген жоқ. Тек бір жаңалық – ҚР АШМ бұйрығы негізінде кәсіпшілік аулауға жатпайтын қармақтар 12 миллиметрдан аспайтын ілмектермен жасалуы тиіс.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ


25 мамыр 2015, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.