Атырау, 28 наурыз 18:47
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Бесіктіде шекарашыларға тас атты

1 842 просмотра

Image 0

21 мамырда қала маңындағы Бесікті поселкесінде жергілікті тұрғындардың бірнешеуі шекаралық қызмет катерінің экипажына шабуыл жасады.

Бұл туралы "Бекіре" операциясын өткізу жөніндегі үйлестіру штабының отырысында №2201 «г» әскери бөлімше командирінің орынбасары Асхат ПАЛТУШЕВ хабарлады:

- Шекаралық қызметтің "Қарлығаш" деп аталатын екі катері "Нелегал" операциясының шеңберінде көші-қон полициясымен бірігіп, Махамбет ауданындағы Жайық өзеніне шолғын жасауға тартылған еді. Қала маңындағы Бесікті поселкесінде әскери қызметшілер браконьерлік ау құралдарын байқап, оларды судан шығаруға кіріскен. Осы уақытта жағалауға "Нива" көлігі келіп, оның ішінен шыққан адамдар катерге тас лақтыра бастаған. Содан соң салдарын күтпестен, машинаға отырып кетіп қалған. Оқиға нәтижесінде рейдке қатысушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Тергеу жұмысымен полицейлер айналысуда.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

23 мамыр 2015, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.