Атырау, 29 наурыз 18:19
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Обама: ИМ-мен соғыста жеңілмейміз

1 412 просмотра

Image 0Анбар провинциясының Рамади қаласынан кетіп жатқан тұрғындар. Ирак, 20 мамыр 2015 жыл. АҚШ президенті Барак Обама Ирактың Рамади қаласының экстремистік "Ислам мемлекеті" ұйымының қолына өтуін "тактикалық сәтсіздіктен" болды деді.

Бірақ оның сөзінше, одақтастар бұл ұйыммен соғыста жеңілмейді. The Atlantic журналына берген сұхбатында Обама "Біз әскери дайындық қарқынын арттырып, бұрынғыдан да белсенді болуымыз керек және процесске сүнниттік тайпаларды тарту қажет" деп мәлімдеді.

"Ислам мемлекеті" ұйымы содырлары соңғы күндері Ирактың Рамади қаласы мен Сириядағы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұралары тізіміне кіретін тарихи ежелгі Пальмира қаласының жұрнақтарын басып алған. Кейбір ақпараттар бойынша, 21 мамырда содырлар Рамадидің шығысындағы аудандардан үкіметшіл әскери топтарды ығыстырып шығарған.

Рамадиден 20 километр қашықтықтағы Халидия базасына мыңдаған шиит жасақтары жеткізіліп, қарсы шабуылға дайындалып жатыр.

Дереккөз: Азаттық радиосы

22 мамыр 2015, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.