Атырау, 29 наурыз 18:51
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Қамаудағы редакторға әріптестері адвокат іздейді». «Ұлттық банкті Астанаға көшіруде не гәп бар?». «Украина Женева конвенциясын бұзды ма?». «Қара алтын құны көтеріле ме?!». «Қандастар Қытайға қайта көшуге қамданып отыр».

1 951 просмотра

AZATTYQ. ORG «Қамаудағы редакторға әріптестері адвокат іздейді» - «Версия» газетінің журналистері зорлық туралы зерттеу жасаған соң қамалған бас редакторына адвокат іздестіріп, мәжіліс вице-спикері Дариға Назарбаеваға ашық хат жазып, қол жинап жатыр.

«"Мәсімовтің курткаларын" Сағымбаевтың есіне түсірді» - Астаналық құқық қорғаушы Талас Сағымбаев премьер-министр Кәрім Мәсімовтің әкесіне – бизнесмен Қажымқан Мәсімовке 300 мың теңге айыппұл төлемеді деген айыппен үш жылға дейін сотталуы мүмкін.

«Ұлттық банкті Астанаға көшіруде не гәп бар?» - Қазақстан президенті ұлттық банкті Алматыдан Астанаға көшіруге жарлық қылды. Сарапшылар бұл шешімнің бірнеше себебі барын айтады.

«Украина Женева конвенциясын бұзды ма?» - Украинада «сепаратистер жағында соғысып, қолға түскен Ресей солдаттарын» тергеген видеоны интернетке жариялаған Киев Женева конвенциясын бұзды ма? Әскери тұтқындардың видеосын жариялау алаңдаушылық туғызып отыр.

«ОМОН басшысының қайда кеткені әлі жұмбақ» - Тәжікстанда ұшты-күйлі жоғалған ОМОН командирінің қайда екені белгісіз қалып отыр. Соңғы уақытта баспасөзде «жалған төлқұжатпен Түркияда ұсталған ол еліне қайтарылған» деген сөз шықты.

ALASHAINASY.KZ «Татьяна Сухотина-Толстая: "Әлемдегі ең ақылды адам – менің әкем"» - Балалық шағымды үлкен сүйіспеншілікпен еске аламын. Мен бір-бірін де, мені де шексіз жақсы көретін адамдардың ортасында өстім.

«Наполеон да, Толстой да әйелдерінің құрбаны» - Наполеон Бонапарттың мұрагері III Наполеон әлемдегі ең әдемі әйелдердің бірі Мария Евгения Августина де Монтиуоға үйленерде үлкен шу көтерілді.

«Қандастар Қытайға қайта көшуге қамданып отыр» - Ата жұртты аңсап келген бір топ қандасымыз қайтадан Қытайға көшуге қамданып отыр. Себебі Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары тұрмыс тауқыметінен қажығандарын айтады.

TURKYSTAN.KZ «Талғат Теменов, ҚР Халық әртісі: Көрермен театрдан ойланып шығуы керек» - Өзіңізге мәлім, биыл Қазақ хандығының 550 жылдығы, онымен қатар бірнеше мерейтой тұспа-тұс келіп отыр. Көбіне мерейтой аясында көрермендерге жол тартқан тарихи туындылардың көп жағдайда орашолақ көркемдік негізге құрылғандығы жасырын емес. Нақты тарихи шығармаларды жарыққа шығаруға не кедергі деп ойлайсыз?

ULT.KZ «Қырым атауы қайдан шыққан?» - Бүгінгі Ресей мен Украина елдерінің «жан алысып, жан берісіп» таласып жатқан Қырым өлкесі ежелгі қазақ руларының Ата мекені болған.Тіпті, бүгінгі Украина халқы өз тегін қазақ даласының бір пұшпағы Маңғыстаудан алады.Дәлел ме? Тыңдап көріңіз?

AIKYN.KZ «Қара алтын құны көтеріле ме?!» - Әлемдік сарапшылар «Ресей экономикасы қайта қалпына келіп, қарқын алған күннің өзінде мұнай бағасы бұрынғы деңгейіне көтеріле қоймайды» деген болжам жасауда.

SERKE.ORG. «Өлім жазасына кесілген Царнаевты не күтіп тұр?» - АҚШ-тың Бостон қаласында 2013 жылғы сәуір айында өтіп жатқан марафон кезінде жарылыс ұйымдастырғаны үшін Джохар Царнаев жұма күні өлім жазасына кесілді. Бұл үкімді жеті әйел мен бес ер адамнан тұратын алқабилершығарды.

BUSINESSNEWS.KZ «Үздік отыздыққа апарар “100 нақты қадам"» - BNews.kz «100 нақты қадам» – Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспарын жариялады деп хабарлайды Businessnews.kz.




22 мамыр 2015, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.