Атырау, 23 сәуір 19:20
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Маңғыстау облысында 30 жастағы әйелді зорлаған екі күдікті ұсталды

1 962 просмотра

Image 0Маңғыстау облысында 30 жастағы әйелді зорлаған екі күдікті ұсталды, - деп хабарлайды "Лада" құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, әйел полиция бөлімшесіне барып, өзін екі ер адамның көлік ішінде зорлағанын айтып, арызданған. Кейін күдіктілердің зардап шеккен әйелдің ауылдастары екені анықталды.

"Оқиға осыдан бірнеше күн бұрын болды. Екі ер адам әйелді "ВАЗ-21099" автокөлігіне отырғызып, ұрып-соғып, зорлаған. Кейін әйелді далаға тастап, кетіп қалыпты. Атамекен ауылының тұрғыны Мұнайлы аудандық ІІБ-ға барып арыз жазды", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, қазіргі таңда 30 жастағы екі күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары басталды.

Дереккөз: tengrinews.kz

22 мамыр 2015, 09:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.