Атырау, 17 сәуір 02:30
 ашықВ Атырау +20
$ 448.81
€ 476.82
₽ 4.77

«Сарапшы: биыл девальвация жасауға тура келеді». «Дариғаның министрлiктен дәмесi бар ма?». «Өзбекстанда қолма-қол ақша тапшы». «Халықтың төлем қабiлетi нашарлады». «Демократиялық қоғам Австрияға үмiт артады». «Жеңістен кейінгі cоғыс».

1 532 просмотра

AZATTYQ. ORG «Өзбекстанда қолма-қол ақша тапшы» - Өзбекстан Орталық банкі елдің қолма-қол ақша тапшылығынан зардап шегіп жатқанын ашық мойындады.

ALASHAINASY.KZ «Қазақстанда заттар арзандауы ықтимал» - Еуразиялық экономикалық одақтың басты органы, «Атамекен» ұлттық палатасымен бірге, адал емес бәсекелестікпен күресетін болды.

«Сарапшы: биыл девальвация жасауға тура келеді» - Кеше Standard & Poor's (S&P) халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның биылғы жылы теңгені тағы да құнсыздандыруға мәжбүр болатынын, себебі, әлемдік нарықтағы мұнай бағасы әлі де тұрақтанбай отырғанын, бұған қоса Ресейдің экономикасы да әлі тоқыраудан арылмағанын, осыған орай Қазақстанның Ұлттық банкі теңгені біртіндеп әлсіретуге жол беретінін мәлім етті.

ZHASALASH.KZ. «Халықтың төлем қабiлетi нашарлады» - Жылжымайтын мүлiк саласында анау айтқандай белсен­дiлiк жоқ. Қазiр нарықтың бұл саласы белгiлi бiр деңгейде инвестициялық тартымдылығын жойды. Тек iшiнара мемлекеттiк бағдарламалар ғана жұмыс iстеп жатыр.

«Дариғаның министрлiктен дәмесi бар ма?» - Дүйсенбi күнi ҚР Парламентi мәжiлiсi депутаттары үкiмет сағатына еркше дайындықпен келiптi. Сол күнi халық қалаулары “ерекше шабыттанып", мәжiлiске оқулықтарын көтере келген Бiлiм және ғылым министрi Аслан Сәрiнжiповтi тарпа бас салды.

«Бозымбаевты бопсаламақ болыпты» - Павлодар облысының әкiмi Қанат Бозымбаевтың отбасына қатысты мәселе соңғы күндерi республикалық БАҚ-тың басты тақырыбына айналды.

«Демократиялық қоғам Австрияға үмiт артады» - Мемлекет және қоғам қайраткерi Алтынбек Сәрсенбайұлының бауыры Рысбек Сәрсенбайұлы мен Б.Байбосын және В.Журавлевтiң туыстарының өкiлi М.Аспандиярова Австрия Республикасы Әдiлет министрлiгiне барып, арнайы хат тапсырды.

AIKYN.KZ «Жеңістен кейінгі cоғыс» - Соғыс диірменнің тасы сияқты – айналдыру оңай, тоқтату қиын. ІІ дүниежүзілік соғыс көптеген адамдар үшін 1945 жылы мамырдағы Германияның капитуляциясымен біте салған жоқ. Қарсыласу отрядтары мен жекелеген жауынгерлер соғыс салып, тағы біраз жылдар жүрді.

«Бақты да баптай білу керек» - Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтiң спорттағы жетістіктеріне арналған деректі фильм көрерменін бірден тартымдылығымен баурап алады.

21 мамыр 2015, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.