Атырау, 19 сәуір 03:57
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Атырауда 6 жасар бала су құбырының құдығына батып кетті (толықтырылды)

2 459 просмотра

Image 020 мамырда шамамен сағат 20.00-де СМП-136 ықшамауданындағы №7 үйдің маңындағы су құбырының құдығына 6 жасар бала батып кеткен.

Бұл ақпаратты "Атырау Су Арнасы" КМК-дегілер растады. Кәсіпорынның баспасөз хатшысы Александр ПАСТУХОВТЫҢ айтуынша, соның алдында құдықтың қақпағы ұрланып кетіпті.

Мұндай қайғылы жағдай Атырауда 2 мамырда орын алған болатын - қала маңындағы Құрсай поселкесінде көршінің септигіне бала батып кеткен еді ("7 жасар бала қазылған шұңқырға түсіп кетіп, көз жұмды").

«АСА» КМК «АЖ»-ға келесі мазмұндағы баспасөз хабарламасын жолдады.

«“Атырау Cу Арнасы" КМК ашық құдықтардың болуына жол бермес үшін үнемі жұмыстар жүргізіп отырады. Басқа мекемелердің вакуумдары рұқсатсыз құю жұмыстарын жүргізіп, құдықтарды ашық қалдыратын жағдайлар орын алады. Сондай-ақ, құдықтар люгінің шойын және бетон қақпақтары да ұрланады. «АСА» ашық су құбыры мен кәріз құдықтарына қатысты үнемі мониторинг жүргізіп отырады. Тиісті бұйрыққа сәйкес, су құбыры мен кәріз қызметінің жауапты қызметкерлері өздеріне бекітілген учаскелердегі құдықтарға әлсін әлі тексеру жүргізеді.

Күн сайын кәсіпорын орташа алғанда 5-7 құдықты жабады. Жұмыстар тәулік бойына жүргізіледі. 2015 жылы 402 құдық жабылды, оның 102-сі ғана мамыр басталғалы бері жабылған. «Атырау Су Арнасы» КМК балансында 17 мыңнан астам су құбыры және кәріз құдықтары бар екені ескеріліп, кәсіпорын қосымша шаралар алуда. Атап айтқанда, теледидардағы жүгіртпе жолдың көмегімен және сайтқа орналастырылған хабарландырулар арқылы шұғыл шаралар алу үшін көрсетілген телефондар бойынша байқалған ашық құдықтар туралы хабарлау керектігі жөніндегі тұрғындарға құлақтандырылып отырады.

«АСА» КМК директоры Андрей Ташлыков».

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

21 мамыр 2015, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.