Атырау, 20 сәуір 21:37
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Спорт жаңалықтары

3 096 просмотра

Дзюдо

Image 1

Сеулде мүгедектер арасында дзюдодан Бүкіләлемдік ойындар өтті.

Бұл жарыста 60 келіге дейінгі салмақта атыраулық спортшы Әнуар Сәриев «қолаға» қол жеткізді. Ол алты белдесу өткізіп, оның бесеуін таза жеңіспен аяқтады. Тізе бүккендердің қатарында алжирлік әлем чемпионы да бар. Әнуардың алғашқы жаттықтырушысы – Жандос Қиянов (1-ОРМБЖСМ). Сеулдегі осы сәттілік Риода өтетін 2016 жылғы Паралимпиадаға қатысу құқығын беретін алғашқы рейтингтік ұпайларды әкелді.

Жекпе-жек

Image 0«Мұнайшы» спорт кешенінде 2000-02 ж.т. жасөспірімдер, 1997-99 ж.т. жастар және ересектер арасында джиу-джитсудан ашық қала біріншілігі өтті.

Жарыстарға джиу-джитсу, жекпе-жек, ММА федерацияларының, Жылыой және Исатай аудандарының «Геолог», «Каштенбай» спорттық клубтарынан 200-ден аса спортшы қатысты. Жекпе-жектер өте тартысты өтіп, әр екінші айқас мерзімінен бұрын бітіп жатты.

Өз салмақ дәрежелерінде келесілер жеңімпаз атанды: жасөспірімдер - Әли Өтегенов, Ерлан Сукенов, Эльдар Сариев, Аман Қасиетов, Батырхан Есқалиев, Эльдар Якулов, Әбіш Айтқалиев; жастар - Бектұр Тынышқали, Дәурен Сайполов, Зарифолла Салахиден, Азамат Ғалимов, Жанболат Сатқан, Ербол Қожахмет, Аманжан Марксов, Магомед Даудов; ересектер - Ролан Жұмиев, Бекбол Аралов, Дәулетжан Төлеуов, Мерей Каштенбай, Думан Мүтеш, Нұршат Әуелбаев, Мұхамедрахим Оралбеков, Ерлан Шәкішев және Асылбек Қайрош.

Спортшылар қолдау көрсеткені үшін джиу-джитсу федерациясының президенті Дәурен Үшбаевқа алғыс айтады.

Суретті түсірген автор

***

Ақтөбеде 1998-99 және 2000-01 ж.т. жасөспірімдер арасында қоян-қолтық ұрыстан ел чемпионаты өтті.

Атыраулық спортшылар Арманжан Аралұлы (60 келіге дейінгі салмақта күміс), Әбіш Айтқалиев (70 келіге дейінгі салмақта күміс), Наурызбек Шәкір (65 келіге дейінгі салмақта қола) және Магомед Даутов (80 келіден жоғары салмақта қола) көзге түсті.

Сол джиу-джитсудан ересектер арасында ҚР чемпионаты өтті. Біздікілердің арасынан Нұрахмет Досов (62 келіге дейін) және Қанат Әшімов (94 келіге дейін) чемпион атанса, Әбілхайыр Дүйсәліпов (69 келіге дейін) күміс медаль, Ғариполла Салахатдинов (62 келіге дейін) пен Сайран Жолдыбаев (69 келіге дейін) қола жүлде алды. Спортшылар мен жаттықтырушылар қолдау көрсеткені үшін облыстық джиу-джитсу федерациясының президенті Дәурен Үшбаевқа алғыс айтады.


Ауыр атлетика

1-БЖСМ-де жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан облыс біріншілігі өтті.

Жеңімпаздар қоссайыс (серпе және жұлқа көтеру) қорытындысы бойынша анықталды. 1999-2000 ж.т. және кіші жастағы зілтеміршілер тобында келесілер үздік атанды: 30 келіге дейін - Юрий Ульянов (барлығы 20 келі), 34 келіге дейін – Стас Андреев (45 келі), 40 келіге дейін - Данила Катков (42 келі), 53 келіге дейін – Сәттіғұл Жалғасов (82 келі), 62 келіге дейін - Аманжол Құрманғалиев (109 кг), 69 келіге дейін – Нұргелді Ноғайбек (125 кг), 77 келіге дейін – Жарқынбек Нұрғалиев (135 кг). 1997-98 ж.т. спортшылар арасында: 56 келіге дейін - Ерболат Жексенбаев (105 кг), 62 келіге дейін – Райымбек Аманшиев (132 кг), 69 келіге дейін - Мейірбек Амантай (135 келі), 77 келіге дейін – Айбек Ерсайынов (140 келі) және 85 келіден жоғары - Амангелді Құрманғалиев (135 кг). Спортшыларды жаттықтырушылар Т.Халматов, А.Баймұханов, К.Досахаева, И.Мырғамбаев дайындады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

21 мамыр 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.