Атырау, 19 сәуір 06:12
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Оралда билеп, жүлде алды

2 968 просмотра

Image 0Атыраулық бишілер Оралда өткен «Латын Кварталының Кубогы-2015» спорттық билер бойынша халықаралық турнирде жүлделі болды.

Жарыстарға Қазақстан мен Ресейдің 300-ден аса би жұбы қатысты. Атырау облысы атынан «Аэлита» би-спорт клубының 14 шәкірті өнер көрсетті.

Турнир аясында Батыс Қазақстан облысының ашық чемпионаты, Қазақстан би спортын дамыту ұлттық одағының ашық біріншілігі Батыс Қазақстан облысының ашық біріншілігі өтті.

Бишілеріміз БҚО ашық біріншілігінде ұлкен табыстарға жетті. Дәния ЫСҚАҚОВА «Бұқаралық би спорты» санатында қола медаль алса, Бақдәулет АМАНБАЙҰЛЫ мен Аэлита МҰҚАНОВА еуропалық және латынамерикалық бағдарламаларда чемпион атанды («Жасөспірімдер-1» жас дәрежесі). «Балалар-2» жас дәрежесінде Дәурен НҰРҒАЛИЕВ пен Салтанат ӨТЕШҚАЛИЕВ еуропалық бағдарламада чемпион, латынамерикалық бағдарламада күміс медаль, «Самба кубогы» бағдарламасында қола жүлде алды. Айсұлтан ҚАЙЫРЛЫ мен Томирис ЕРБОЛАТ «Жасөспірімдер-1» жас дәрежесінде еуропалық және латынамерикалық бағдарламаларда күміс жүлдегер атанса, «Д» сыныбында алтыннан алқа тақты. Райымбек ЕРЖЕТ пен Елнура БАХТИЯРОВА («Жасөспірімдер-1» жас дәрежесі) латынамерикалық бағдарламасында және «Д» сыныбында еуропалық бағдарламада қола жүлдегер атанды. Рамиль ДОСМҰХАМБЕТОВ пен Аяулым НӘСИПОЛЛА еуропалық бағдарламада 7-орын, латынамерикалықта 9-орын алып, жарыстың ақтық сынына қатысты.

Атыраулық жұптар турнирден барлығы 14 алтын, 6 күміс және 7 қола медальмен оралды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

21 мамыр 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.