Атырау, 20 сәуір 12:23
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Обаманың POTUS аккаунты әлемдік рекорд орнатты

1 430 просмотра

Image 0Twitter әлеуметтік желісінен жеке аккаунтын ашып, қысқа уақытта 1 миллионнан астам дос жинаған АҚШ президенті Барак Обама әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Bnews.kz.

Бұл тіркелушілер бас-аяғы 5 сағаттың ішінде жиналған. Осы оқиғаға орай Twitter Government (@gov) аккаунты Обаманың @POTUS парақшасына қай мемлекеттің адамдары жазылғанын көрсететін арнайы анимациялық картаны жариялады.

АҚШ басшысының @BarackObama атты тағы бір аккаунты бар, бұл парақшада 60 млн адам тіркелген. Бұл парақшаларды президенттің көмекшілері бақылап отырады, ал Обама өз парақшасын өте сирек пайдаланады.

Естеріңізде болса, Барак Обама Twitter әлеуметтік желісінен POTUS (President of the United States) атты акаунтын ашқанын бұған дейін жазған болатынбыз. Бұл аккаунтқа қазіргі уақытқа дейін 2 миллионнан астам адам тіркелді.

Дереккөз: bnews.kz


20 мамыр 2015, 17:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.