Атырау, 29 наурыз 02:28
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Топан су: мектеп тұрғындары

2 942 просмотра

Image 0

Нөсер жауынға байланысты қауіпсіз жерге көшірілген Атырау тұрғындарының көпшілігі өздерінің суға кеткен үйлеріне әлі де орала алмай отыр.

Ресми мәліметтер бойынша, 482 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның 98-і балалар. Ең көп адам қабылдаған №27 мектепке 163 адам тіркелді, оның 26-сы оқушы, 32-сі мектепке дейінгі бүлдіршіндер. Олардың ішінде мектепте тұру ұсынысымен 60 адам келісті, басқалары, шамасы, басқа жерлерден пана тапқан болуы керек.

12 мамырдан бастап жалпыға білім беретін мектептердің спорт залдарына уақытша орналасқан адамдар абыржулы: олар өздерін қандай болашақ күтіп тұрғанын білмейді. Көпшілігінің айтуынша, олардың үйлері тұруға жарамсыз, бірақ олар Атырау облысының әкімі Б.ІЗМҰХАМБЕТОВТІҢ брифингте айтқан сөзін жақсы ұғып алған.

- Әкім пәтер бермейміз деп жатыр, сонда біз қайда барып тұрамыз? – дейді үлкен отбасымен үйсіз қалған батыр ана Жұмагүл КӨПБЕРГЕНОВА. Ол 20 шақты жан тұрған үйіміз бүлінді деп растап отыр. Оның 8 баласының бірі мүгедек, немерелерінің бірі де солай...

Бұл жерде мектепте біз он адамбыз: мен, балаларым, немерелерім... Басқа онымыз туыстарды паналады. Бір шаңырақ астына қашан және қалай жиналамыз? Бізде тіпті үйге күрделі жөндеу жүргізуге ақшамыз болған жоқ, ал енді жөндейтін де ештеңеміз қалмады.

Image 2


Үлкен әулеттің отанасы Гүлжан САПАРОВАНЫҢ үйінде де 3 ұрпақ тұрған. Қазір 15 адамның барлығы мектеп залында тұрып жатыр, олар өздерінің болашағы бұлыңғыр екенін айтады.

Осы жақта орналасқан отбасының әрқайсысында дерлік ұқсас жағдай: кәмелетке толмаған балалар, жүкті келіндері мен қыздарының айы-күні жетіп отыр, қаржылық жағдайлары тұрақсыз, баратын жерлері жоқ, көмек күтетін жерлері де жоқ. Ал осы отбасылардың қожайыны, әдетте, ажырасқан немесе жесір қалған әйелдер. Міне, біздің билік осындай контингентке қатысты күрделі мәселелерді шешпек. «Көмектесуге болмайды бас тартуға» деген сөздің қай жеріне үтір қою керектігі облыс пен қала басшыларының құзырында.

Image 1

Әрине, спортзал ТЖ кезінде панажай болып отыр, алайда бұл мәселені шешетін жол емес. Үлкен жылытылмаған залдың іші едәуір суық, қоныстанушылардың біразы ауырып, қызумен жатыр. Бір залдың ішінде ер адамдар, әйелдер мен балалар ұйықтайды. Жуынатын жер жоқ. Халық бейімделіп, жуынып-шайынып, кірлерін жуып алуға туыстары мен таныстарына кезекпен барады. Осы жерден жұмыстарына, мектептеріне, балабақшаларына... кетеді. Адамдар шаршаған, бірақ өз үйлеріне қайта бара алмайды, тартып шығарылған су таңертеңгісін қайта толып қалады, үйлерінде отыратын жер де жоқ. Таяу уақытта оларды анағұрлым жақсы жағдай жасалған интернаттар мен жатақханаларға ауыстыруға уәде беріп отыр. Мектептерді босататын кез келді, ол жерде мектеп бітіру кештері өтпек, содан кейін мектепалды лагерьлерді ашу жоспарланған. Алайда әзірге тек жалдамалы баспана немесе қонақ үйлердің төлемақысын жұмыс берушілері төлеген бірнеше отбасы ғана көшіп кеткен.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген автор

20 мамыр 2015, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.