Атырау, 29 наурыз 17:55
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Алматыда джип балабақша шарбағына соғылып, бір баланы мерт қылды

1 810 просмотра

Image 0Алматы қаласының Таугүл-1 шағын ауданында жол талғамайтын көлік балабақшаның шарбағына соғылып, арғы бетінде алаңда ойнап жүрген 9 баланы жаралады, арасындағы 5 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Хабарламаға сәйкес, «Тойота Ленд Крузер» автокөлігінің рөлінде 46 жастағы әйел адам отырған.

«Сүлейменов көшесінде орналасқан №58 балабақша шарбағына көлік соғылып, салдарынан 5 жастағы бала көз жұмды, тағы бірнеше бала түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Бұл оқиға ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі, яғни соңы адам өліміне алып келген жол ережесін бұзу бойынша Алматы ІІД сотқа дейінгі тергеу бір реттік реестіріне тіркелді», - деп хабарлады Алматы ІІД баспасөз қызметі.

Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сараптама тағайындалуда. Жүргізуші ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына қамауға алынады. Оқиғаның анық-қанығы әлі нақтыланып жатыр.

Дереккөз: bnews.kz


20 мамыр 2015, 14:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.