Атырау, 18 сәуір 23:46
 ашықВ Атырау +24
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

​«Ешқандай көмек керек емес, тек суды шығарып беріңіздерші»

3 796 просмотра

Нөсер жауыннан кейін бір апта уақыт өтті, алайда аулалары мен үйлеріне су толған атыраулықтардың көпшілігі әлі күнге дейін вакуумға қол жеткізе алмай отыр. Суға кеткен 681 үйдің тек 157-сінен ғана су тартып шығарылған. Қалған зардап шегушілер әлі вакуум күтуде және көмекке мұқтаж.

«ҰЯТТАРЫ ЖОҚ» ДЕГЕНІ НЕСІ»?!

Image 0

Редакцияға Куйбышев көшесі, 8-үй (№13 мектеп маңы) тұрғыны Лариса ДОЛБИК (суретте) хабарласты. Сол түні екі баласымен тұратын оның 1976 жылы салынған үш бөлмелі қамыс үйі суға кеткен.

– Түнгі сағат үште үйімізге су кіре бастады, мен ұшқын шаша бастаған соң оянып кеттім. Тұрсам аяғымның асты су екен. Мені ток соғып кетті, бағыма қарай, қатты болмады. Үйдегі электр қуатын ажыратып тастау үшін автоматқа дейін қалай жеткенімді өзім де білмеймін. Алдымен су аз болды, бірақ таңға қарай диванға, жоғарыға шығып алдық. Тек жарық түсе бастаған кезде, үстіміздегі киімімізбен көшеге шықтық. Бастысы – құжаттарымызды өзімізбен бірге алып шықтық. Привокзальныйдағы анамыздың үйіне кетіп қалдық. Кешкісін келсек, үйдегі су деңгейі шамамен 40-50 см-ге жетіпті, - деп әңгімелейді Лариса. – 12-сі күні таңертең көршілерімізбен әкімдікке барып, арыз жаздық. Бізге суды тартып шығаруға талон бірді. Күн сайын ТЖМ мен әкімдікке кезекпен-кезек барып, қоңырау шалдық. Барлық жерде: комиссия күтіңдер деген бірдей жауап береді. Содан кейін мен қайтадан әкімдікке шықтым, ондағылар: материалдық көмек көрсету үшін арыз жазу керек деді. Бірақ комиссия қорытындысынсыз өздерінің ешқандай әрекет жасамайтындарын бірден ескертті. Кеше 6-шы күн дегенде, ақыры, комиссия келіп, құжаттарымызды алып, жазып алды. Біз: «сіздерді күттік, енді әрі қарай қандай шара алсыздар, вакуум бересіздер ме?» деп сұрадық. Бізге: «енді қорытындыны күтіңдер» дейді. Келесі аптада тағы бір комиссия құралатынын айтты.

Біздің күтетін уақытымыз жоқ, бізге вакуум жеткізсін, оны өз ақшамызға алу мүмкін емес. Жеке қызметкерлер бір үлкен машинаның бағасы 15-18 мың теңге деп, аспандатып тұр. Біз жиырма шақты машинаны өз ақшамызға жалдадық: бір-екі рет 10 текше метрлік, қалғандары 3-8 текшелік болды. Тіпті не істеу керектігімізді, кімге жүгінерімізді білмейміз. Біздің қатарымыздағы Свердлов көшесі суға лық толы, 13-мектептің маңындағы орталық кәріз жүйесі жұмыс жасамайды. Бұрын қаншама жаңбыр болса да мұншалықты суға кетпейтін. Аулаға су жиналып қалады, көршілер сорғыны қосып, суды орталық кәріз жүйесіне айдайды. Мен осы жерде 96-жылдан бері тұрып келемін, мұндай жағдай бірінші рет болып отыр.

Бүгін мен тағы қалалық әкімдікке арыз жазуға бардым. Ол жерден 2-қабатта жиналыс болады деп естідім, бәрі соған жүгіріп кетті. Біз 25 шақты адам жиналдық. Қалалық әкімдіктің қызметкері кіріп, бірден: кімнің ауласы мен дәретханасында су бар, бірден шығып кетіңіздер, сіздерге ешқандай көмек болмайды, кімнің үйінде су бар, қолдарыңызды көтеріңіздер деді. Он шақты адам қолымызды көтердік, бірақ төменде тағы да көп адамдар бар болатын. Біз суды тартып шығаруға көмек сұраған арызымызды жаздық, бізге талон берді.

Ларисаның ауласында тоңазытқышы, диваны мен басқа жиһаздары тұр.

– Кенет әлдене қопарылып түссе деп, үйге артық кіруге де қорқамын. Кеше әкімдікте әкім «адамдарда ұят жоқ, пәтер сұрайды немесе тек ауласы суға кеткен адамдар да көмек сұрайды» деп айтты деп тұрғындар наразы болды. Егер шынымен де үйлері суға толса, қабырғалары құласа, ол арсыздық болғаны ма?! Біздің осы жерге келуден басқа шаруамыз жоқ па? Бәрінің жұмысы, балалары бар, мұнда еріккеннен келіп жүрген жоқпыз. Бұл еш жалған емес, ол жақта адамдар жылап жүр, шынымен де не істерлерін білмейді.

Лариса оқушы қызының көмегімен өз үйінің бейнежазбасы мен суретін әлеуметтік желіге қойып, көмек беру өтінішімен шыққан екен. Адамдар бірден үн қатып, қоңырау шалып, қандай көмек керектігін сұрай бастапты. Лариса қазір тек вакуум ғана керек екенін, бірақ өкінішке орай, мұндай көмекті ешкім көрсетпей отырғанын айтты. Бүкіл техника бос емес екен.

ТОПАН СУ ТУРАЛЫ АҚПАРЛАР

Image 6Геннадий ЖАРМАҒАМБЕТОВТІҢ отбасы да туыстарын паналапты. Олардың Худин көшесіндегі 12-үйіне (Жарбосыновпен қиылысқан жерде) су түгел кіріп кеткен:

– Топан су басталған кезде маған вакууммен көмектесіп, суды тартып шығарды. Ал көршілерімнің жолы болмады, олардың ауласына кіретін жол жоқ. Әкімдік өкілдері «көршінің ауласындағы суды сіздің аулаға сорғымен айдайық, содан кейін сізден барлық суды жинап аламыз» деген ұсыныс айтты. Мен келісімімді бердім. Сөйтіп көршінің ауласындағы суды менің аулаға тартып шығарды. Енді көршінің ауласы құрғақ та, үйінің ішінде су бар. Ал менің аулам да, үйім де суға кетті. Өз күшіммен үйден суды тартып шығарудамын, бірақ менің үйім төменде орналасқан. Сондықтан бүкіл көрші көшелердің суы менің аулама құйылып, үйімді суға батыруда. Маған ешқандай көмек керек емес, тек суды тартып шығарып беріңіздерші. Вакуумдар қымбат тұрады, бір машинаға 10 мың теңге сұрайды. Ал мен мемлекеттік қызметкермін, менің жалақым бар болғаны 60 мың теңге.

Біз Атырау қалалық ТЖ басқармасының бастығы Михаил ХАГАЙҒА ахуалға қатысты түсінік алу үшін хабарласқан едік.

Бүгін Өркен, Геолог-2, Привокзальный ықшамаудандарында су тартып шығару жұмыстары жүргізілді. Күн сайын техника ауысуда, бір күні жүзден астам машина шықса, екінші күні 70 машина шығады. Бұлар - 3-, 6- және 10-текше метрлік вакуумдар, өрт сөндіру автоцистерналары. Кезектілікке келер болсақ, үйлер көптеп суға кетіп жатқан жерлерге барамыз. Ең алдымен «ұжымдық» учаскелерге барады. Мәселен, Азаттық, 128 мекен-жайы секілді. Содан кейін, жеке сектордағы үйлер көп жерлерге. Бізде эвакуациялық жинау пункттері жұмыс жасап жатыр. Соңғы күндері қауіпсіз жерге көшіру аяқталды. Тек кеше ғана бес адамды қабылдау пункттеріне орналастырдық.

Комиссияға келер болсақ: суға кеткен үйлерді тексеру бойынша бар болғаны 11 топ құрылды. Оған сәулет, әкімдік, жер комитеті, ТЖ өкілдері, бағалаушылар кіреді. Олар тексеріп, үйдің жағдайына баға береді. Әрі қарай шешім қабылданады.

17 мамырдағы мәліметтер бойынша, қала бойынша 681 үй (ауласымен бірге), селолық округтер бойынша – 249 үй суға кеткен. Бүгінгі күні қаладағы 157 үйден және селолық округтерде 85 үйден су тартып шығарылды. Қазіргі кезде вакуумдер Лесхоз ықшамауданында, Ет комбинаты, №5 және №11 орта мектептердің маңында, Шаңырақты, Аманшин көшесінің, Аққыстау өткелінің бойында, Химпоселкеде жұмыс істеуде.

Сейсенбідегі, 19 мамырдағы мәліметтер бойынша, тағы 422 үйден су тартып шығарылған. Екі күннің ішінде, 17 мен 19 мамыр аралығында осындай нәтижеге қалай қол жеткізілді деген менің сұрағыма М.Хегай селолық округтердегі бүкіл техниканың қалаға жұмылдырылғанын айтты.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Суретті түсірген автор

20 мамыр 2015, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.