Атырау, 20 сәуір 11:42
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«"Назарбаевтан кейiнгi Қазақстанмен" елдi қорқыту тағы басталды». «Салық сарсаңы белдi қайыстырып тұр». «Бозымбаевты бопсалаушы кімдер?». «Жәрдемақы алғанның бәрі мемлекетке масыл ма?». «Оқулық сапасы үшін жауапкершілікті күшейту қажет».

1 960 просмотра

ZHASALASH.KZ. «"Назарбаевтан кейiнгi Қазақстанмен" елдi қорқыту тағы басталды» - Жақында жапонның The Diplomat дейтiн сайты “Қа­зақстан Назарбаевсыз ел­дiгiн сақтай ала ма?" деген мақала жариялады.

«Салық сарсаңы белдi қайыстырып тұр» - Елiмiздi салық реформасы күтiп тұр. 5 мамырда президент қолданыстағы қосымша құн салығын сауда-саттықтан, анығырақ айтқанда, сатылымнан алынатын салықпен ауыстыру туралы қаржы министрлiгiне тапсырма бердi.

«Қазақстанға АЭС-тiң қажетi жоқ» - Атом электр стансасы мәселесiнiң қоғамда талқыға түскенiне аз уақыт болған жоқ.

ALASHAINASY.KZ «Протондар құлаған сайын Ресейді экологиядан гөрі, пайдасы қатты алаңдатады» - Өткен сенбіде Байқоңыр ғарыш алаңында мексикалық жер серікті ғарышқа алып шықпақ болған «Протон-М» зымыраны құлады.

«Оқулық сапасы үшін жауапкершілікті күшейту қажет» - Мәжілісте оқулықтардың сапасы және білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету мәселелері талқыланған Үкімет сағатында палата вице-спикері Дариға Назарбаева Білім және ғылым министрлігін оқулық сапасы үшін кезекті рет сынға алды.

«Жәрдемақы алғанның бәрі мемлекетке масыл ма?» - Біздің елімізде әлеуметтік төлемдер мен зейнетақыларды 4,2 млн адам алады. Деректерге жүгінсек, өткен жылы сол 4,2 млн адамға шамамен 1,1 триллон теңге мемлекеттік төлем төленген.

«Енді экономикада да жеңімпаздар анықталады» - Өңдеуші салалардағы «ұлттық чемпиондар» еліміздің шикізаттық емес экспортының әлеуетін арттырады, – деді «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Қуандық Бішімбаев.

«Жалған жарнама арқылы табысын еселейтіндерге қашан тұсау саламыз?» - Біздің елімізде жұп-жұмыр үйлестірілген жарнамалар, тұтынушылардың жүрегіне тым жылы тиюде. Ал көпшілік дамушы және дамыған елдер нақ осы жарнамасын түзеп, күзеп әлдеқашан белгілі бір жүйеге түсіріп алған.

ULT.KZ «Бозымбаевты бопсалаушы кімдер?» - Павлодар облысының әкімі Қанат БОЗЫМБАЕВтың төңірегіндегі сенсациялардың кеше көтерілген «жалауы» жуыр маңда түсіріле қоймайтын сияқты.


19 мамыр 2015, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.