Атырау, 19 сәуір 12:58
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Мылтық кезенді

2 307 просмотра

Жылыой аудандық соты әйелін қызғанып, мылтықпен атпақ болған ер адамға 80 АЕК (158 560 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға үкім шығарды. Үкіммен келіспеген әйел апелляциялық шағым берді.

Оқиға қаңтар айының бір түнінде орын алған. Үйіне мас күйінде келген Ж. әйеліне еш себепсіз тиісіп, балағаттап мазасын алады. Кейін келесі бөлмедегі дара ауызды мылтығын алып, әйелінің маңдайына кезеніп, шүріппені басып қалады. Абырой болғанда мылтыққа оқ-дәрі салынбаған болып шығады.

Әйелдің шағымы бойынша ҚР ҚК 115-бабымен («Қорқыту») қылмыстық іс қозғалды.

- Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ, бірақ жәбірленуші соттың жазасы жеңіл деп есептеп отыр. Ол сотқа апелляциялық шағым түсірді, - дейді Жылыой ауданы прокурорының аға көмекшісі Алтынгүл ИСМАГУЛОВА.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

7 мамыр 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.