Атырау, 24 сәуір 07:35
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Тұтану ошағы анықталуда

2 202 просмотра

Жексенбі күні 25 қыркүйекте ертемен Алмагүл ықшам ауданындағы №24 үйдің шатыры өртенген. Өрт себебі анықталуда.

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бас сарапшысы Роман МЕҢДАЛИЕВТІҢ айтуынша, дабыл таңертеңгі сағат 4-тер шамасында түскен.

– Өрт шамамен 150 шаршы метрдей жерді қамтыған. 16-қабаттағы екі пәтерді өрт шалыпты. Жапа шеккен адамдар жоқ. Тілсіз жау өрт сөндіру қызметінің күші мен сөндірілді. Өрттің тұтану себебі анықталуда, - деп хабарлады Меңдалиев.

№24 үй тұрғындарының айтуынша, шатырға ішімдік ішіп, көңіл көтеретіндер жиі жиналады екен. Өрт кезекті отырыстың салдарынан орын алған ба, жоқ па, тергеу амалдары анықтайтын болады.

ПИК электригі Нұркен БӨЛЕКБАЕВ түсіндіргендей, шатырда электр желісі жоқ екен. Тек кабельдік теледидар мен ұялы байланыс қондырғылары ғана бар.

– Тұтану ошағы біздің жабдығымыздан туындаған жоқ, ол жерде кернеу де жоқтың қасы, - дейді«Алма ТВ» Атырау филиалының директоры Бауыржан ҒИЗАТОЛЛАҰЛЫ.

Сәния ТОЙКЕН

29 қыркүйек 2011, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.