Атырау, 29 наурыз 03:05
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Жүйесіздік жүйкені жұқартты

2 172 просмотра

- ІІД Әкімшілік полиция ғимаратына автокөлік құжаттарын тіркеуге немесе есептен шығаруға барғанда үнемі жүйесіздікке тап боласың. Қызмет көрсету сапасының төмендігіне шағым айтушылар көп. Жұмысты реттеу үшін шұғыл түрде шара алу қажет.

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы Мейірімбек ҚАЛИШАНОВ жауап берді:

- Мемлекеттік қызметке жүгінген азаматтардың мемлекеттік қызметшімен тікелей байланыста болуына себепсіз жол бермеу, қызмет сапасын үнемі жетілдіру, есеп берушілік және ашықтық, қолжетімді және тиімді болуы мемлекеттік қызметтер көрсетудің негізгі қағидаттары екені заңды түрде айқындалған.

Осыған орай, еліміздің 8 аймағында осы қызмет саласымен шұғылданатын мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары (әрі қарай – МХҚКО) ашылған.

Біздің өңірде бұл МХҚКО ғимаратын салу 2016 жылға жоспарланған.

Сонымен қатар, Атырау облысы әкімдігі тарапынан ІІД-іне қарасты әкімшілік полиция басқармасы ғимаратында жеке және заңды тұлғалардың автокөліктеріне мемлекеттік нөмір беру, тіркеуден өткізу, қайта тіркеу және шығару, сонымен қатар, жүргізуші куәлігін беру процесіне «электронды кезек жүйесін» орнату жұмыстарын жүргізу туралы ұсыныс жолданды.

30 сәуір 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.