Атырау, 25 сәуір 05:43
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Тартысты турнир

2 368 просмотра


Өткен демалыс күндері «Атырау» ДСК-нде 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Арман ШІЛМАНОВТЫҢ сыйлығына, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған таэквандодан І Халықаралық турнир өтті.

Турнир үлкен ұйымдастырушылық және спорттық деңгейде өтті, көптеген қызықты айқастар болды. Атыраулық қатысушылар арасынан Динара Ұзақбаева мен Үмбет Шакиев «алтын» алса, Айгүл Елубай мен Әнуар Насихатов «күміс» иеленді. Амантұр Табылдиев пен Жұлдыз Бүркітова «қолаға» қол жеткізді. Матчтық кездесудің қорытындысы бойынша 1-орынды Атырау облысының командасы, 2-орынды Алматы облысы, 3-орынды Оңтүстік Қазақстан облысы иеленді.

Турнирге таэквандоның шыққан жері Оңтүстік Кореядан келген, ұлттық чемпионаттарының чемпиондары мен жүлдегерлерінен құралған команданың қатысуы көрерменнің қызығушылығын тудырды. Кәріс спортшылары ерлер арасында екі «алтынға» ие болып, құрама мүшелерінің бірінің жарақат алуына байланысты матчтық кездесуге қатыспады.

Айгүл Елубай мен Динара Ұзақбаева - ҚР құрамасының мүшелері. Айгүл мамыр айында Челябинскіде өтетін лицензиялық әлем чемпионатында ел намысын қорғайды. 2016 жылғы Олимпиадаға қатысу үшін сол жерде ұпай алуы қажет.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

28 сәуір 2015, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.