Атырау, 20 сәуір 15:38
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Естелік қабырғасы» 5 мамырда ашылады

2 649 просмотра


Жеңіс саябағында «Мәңгі алаудың» қасында салынып жатқан «Естелік қабырғасы» мемориалдық кешені 5 мамырда дайын болады. Бұл туралы қалалық әкімдікте хабарлады.

Мемориалдың басты элементі – ортасындағы салтанат аркасы, ол жерге, сәулетшілердің пайымдауынша, келушілер гүл шоқтарын қоятын болады. Арка ақ травертиннен жасалады, сегіз тік гранит тақталармен қоршалып, оған шайқас алаңынан оралмаған Атырау облысы тұрғындарының есімдері алтын әріппен ойылып жазылады. Сондай-ақ, ортасына қазақстандық майдангер сарбаздардың суреттері бедерленген екі қара гранит орнатылатын болады. Ансамбльдің ортаңғы бөлігіне отырғыштар орнатып, гүлді газондар төсейді.

Жоба шеңберінде баққа кіретін қақпа да қайта жарақталатын болады. Олар қызыл гранит пен ашық түсті травертиннен салтанатты арка түрінде жасалатын болады. Арканың жоғарғы жағына «Жеңіс саябағы» деп жазылып, Ұлы Отан соғысы ордені жұлдызы ең үстінде орналасқан.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

25 сәуір 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.