Атырау, 16 сәуір 09:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Ресей мен Аргентина энергетикалық келісімдер жасасты

2 141 просмотра

Image 0Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) мен Аргентина президенті Кристина Фернандес де Кришнер. Мәскеу, 23 сәуір 2015 жыл. Мәскеуде өткен кездесуде Ресей президенті Владимир Путин мен Аргентина президенті Кристина Фернандес де Кришнер екі ел арасында «жан-жақты стратегиялық ынтымақтастық» орнатылатынын мәлімдеді. Қос президент энергетика саласындағы бірқатар алдын-ала келісімге қол қою шарасына қатысты.

Мәскеу Аргентинада су электр станциясы құрылысын қаржыландыруға уәде беріп отыр. «Газпром» мен Аргентинаның мемлекеттік YPF мұнай компаниясы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Тағы бір алдын-ала уағда бойынша, Ресей Аргентинада жаңа атом электр станциясын салмақ. "Росатом" корпорациясы басшысы Сергей Кириенконың сөзінше, бұл жайлы түпкілікті келісімге осы жылдың соңында қол қойылмақ.

Путиннің сөзіне қарағанда, екі ел қорғаныс саласында да ынтымақтастықты арттыратын болып шешкен.

Мәскеу батыс елдерінің Украинадағы дағдарысқа байланысты салған экономикалық санкциялары зардабын азайту үшін Латын Америкасы елдерімен сауда-саттықты арттыруға тырысады. Ал АҚШ инвестициялық қорларының килігуінен өзінің сыртқы қарызын қайта қаржыландыра алмай отырған Аргентина жаңа инвестиция көздерін іздестіріп жатыр.

Дереккөз: Азаттық радиосы

24 сәуір 2015, 09:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.