Атырау, 24 сәуір 14:20
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​Теңізде бұрғылау жұмыстары үшін біріккен кәсіпорын құрылды

4 619 просмотра

Image 0Астанада «KMG Drilling & Services» ЖШС («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы) мен мұнай-газ бұрғылау саласында әлемдік көшбасшы «Nabors Drilling International Ltd» арасында біріккен кәсіпорын құру туралы құжаттарға қол қойылды.

Біріккен кәсіпорын ағымдағы жұмыс бағдарламасы мен «Теңізшевройл» ЖШС-нің келешек кеңею жобасының шеңберінде Теңіз кенішінде бұрғылау жұмыстарын жүзеге асыратын болады.

«ҚМГ» сайтында хабарланғандай, «KMG Nabors Drilling Company» ЖШС деген атау алған біріккен кәсіпорын өзара түсіністік туралы екіжақты меморамдумда бейнеленген ҚР үкіметі алдындағы ТШО міндеттемесін орындау шеңберінде құрылған. Келісімге сәйкес, ТШО «KMG Nabors Drilling Company» үшін жаңа бұрғылау құрылғыларын алуды қаржыландырады. Баспасөз релизінде айтылғандай, біріккен кәсіпорын құру қазақстандық мазмұнды арттыруға, «Nabors» басқару жүйесі мен технологиясын, тәжірибесін үйренуге, сондай-ақ, ұзақ мерзімді болашақта ҚР-ның ірі мұнай-газ жобаларында тиімді жұмыс жасауға мүмкіндік береді. «KMG Nabors Drilling Company» ЖШС бас кеңсесі Атырауда орналасады және өңірде 200-ге дейін жұмыс орнын (90 пайызы – Қазақстан азаматтары) құруға мүмкіндік береді.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

23 сәуір 2015, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.