Атырау, 29 наурыз 10:02
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Мәңгі «пирамидалар» аясында

2 820 просмотра

Image 0Олар атауларын, кеңселерін өзгертіп алып, аңғал азаматтардан алдап ақша алу мақсатында белсенді қызмет етуді жалғастырады. Біз олар туралы жиі жазсақ та, оқырмандардың редакцияға үнемі хабарласатындығына қарағанда аңғал жандар азая қоймаған сияқты. Сіздердің өтініштеріңіз бойынша «халықтан ақша алудың кейбір салыстырмалы адал әдістері» туралы еске саламыз.

СКАНВОРД ТҰЗАҚҚА ТҮСІРЕДІ

«Мегги Молл» – үй тауарларына арналған танымал интернет-дүкен. Оның сатып алушыларды тартудың күмәнді әдістері тек Қазақстанда емес, бүкіл посткеңестік кеңістікке көптен бері белгілі. Ол былай жасалады. БАҚ-тарға байқау шарты жарияланады, соның барысында оңай кроссвордты немесе сканвордты шешіп, көрсетілген нөмір бойынша қоңырау шалу керек. Кім тез шешсе, сол сыйлықты – бірнеше миллион теңгені немесе автокөлікті ұтып алады. Ықтимал жеңімпаз операторға өз мәліметтерін, пошталық мекенжайын хабарлайды. Сөйтіп, құттықтау хаттар мен өнімдердің каталогтарын ала бастайды. Ірі ақшалай сыйлық алуға сәл қадам жасап, келген каталогтағы тауарға тапсырыс беру керек екен. Кім көбірек тапсырыс берсе, сол «джек-потты» ұтып алады. Адамдар (көбінесе зейнеткерлер) тапсырыс бере бастайды, ал, ұтатын сыйлықтары көріне қоймайды.

Сканворд астындағы ұсақ жазуларды оқу көпшілігінің ойына келе бермейді. Ол жерде тайға таңба басқандай бұл бар болғаны маркетингтік акция екендігі, компанияның факт бойынша ешқандай бағалы және ақшалай сыйлықты ойнатпайтындығы жазылған (толығырақ «Оқылмайтын жазулар» жарияланымын қараңыз).


«МӘСЕЛЕ ШЕШКІШ ЗАҢГЕРЛЕР»

Біздің адамдардың несиелерге деген ерекше сүйіспеншілігі мен әрі қарай оларды өтеуге қабілетінің болмауы тапқыр отандастары үшін қолайлы бола кетті. Белгілі бір төлемақыға олар қарыз төлеу уақытын екі жыл мерзімге ұзарту туралы банкпен «келісімге келуді», барлық айыппұлдар мен мерзімін өткізіп алғаны үшін қосылатын өсімдерді жоюды өз мойындарына алады. Тіпті, келісімшарт жасауды ұсынады. Рас, жалғанған құжатты мұқият оқыған кезде мұның қарапайым заңгерлік кеңес қызметін көрсету келісімшарты екені айқындалады. Онда ешқандай кепілдік жоқ (Толығырақ «Заманың бөрі болса, әжейдің мөрі болады» жарияланымын қараңыз).

МЕНІ АЛДАУ ҚИЫН ЕМЕС!

Бұл жүз мыңдаған бұрынғы кеңес заманының адамдары «МММ»-ге қаржы салған сонау 90-жылдары басталды. Өткеннен ащы сабақ алмай, жеңіл ақша тапқысы келгендер өз ақшаларын «МММ-2011» жүйесіне де, түрлі қаржы пирамидаларына да салуда. Желілер, соталар, матрицалар... Терминдер көп, принцип біреу – халықты неғұрлым көп тарту, бірінші қатысушыға көрнекі пайданы төлеу керек, содан кейін батпақ құйрыққа бату.

Қаржы пирамидаларының бірі Playtcoin-нің негізін салушы биылғы жылғы наурызда Атырауда ұсталды. Салымшыларға ай сайын 30 пайыз пайда түседі, сонымен қатар жаңа қатысушыларды шақырғаны үшін 10 пайыз бонус береміз деп уәде берілді. Бүкіл Қазақстан бойынша инвесторлар тез табыла кетті. Адамдар бүкіл жинақтарын әкеліп, бұған туыстары мен таныстарын тартты. Ақырында пайданың төленетіндігі туралы таусылмайтын уәдеден шаршаған салымшылар өздерінің алданғандарын түсінді. Фирма директорын ұстау кезінде құқыққорғау органдарына алданған салымшылардан 13 арыз түсті (толығырақ «Адамдар қаржы пирамидасына сенуді қояр емес» мақаласын қараңыз). Қазіргі кезде арыздар саны 80-ге жетті. Ал, зардап шегушілердің нақты санын білу мүмкін емес.

Қазақстанда «МММ-2011» жүйесінің пайда болуымен заңнамалық деңгейде қаржылық пирамиданың қызметіне тыйым салынғанына қарамастан «алдануға риза» адамдар саны азаяр емес. Сұраныс ұсынысты тудырады, сөйтіп, пирамидалар қайтадан пайда болады.

МОЙЫНҒА КИІЛГЕН ШАҢСОРҒЫШ

Бір жыл бұрын біз клиенттерге тегін процедуралар көрсетуге уәде еткен әлдебір косметикалық салон туралы әңгімелеген едік. Ол жерден оларды жайдары қарсы алып, «бірегей израильдік құралдарды» пайдаланып, уәде етілген процедураны жасап, содан соң іс жүзінде 2000 доллар тұратын косметика салынған кейсті алуға мәжбүрлейді. Консультанттар – керемет психологтар, көндіру мен қысым жасауды сабақтастырады, жолай «жеңілдіктер» жасап, косметиканы несиеге ресімдеуді ұсынады. Үйіне келген кезде әйел дұрыс жасамағанын түсінеді, бірақ бір нәрсе өзгертуге кеш (толығырақ «Мойынға ілінген кейс» мақаласын қараңыз).

Осы сызба бойынша ығыр еткен сатушылардың айтуынша, бірегей, бірақ іс жүзінде дүкендегі шаңсорғыштардан артықшылығы жоқ шаңсорғыштар 600 мың теңгеден, су сүзгісі 400-500 мың теңгеден және т.б. сатылады.

АЛ, СЫЙЛЫҚ ҚАЙДА?

Тағы бір сызба Қазақстанда көп жылдан бері жұмыс істеп келеді. Әуежайларда, сауда орталықтарында отбасылық жұптарға жарқын жүзді жас адамдар жақындап, шағын әлеуметтік сауалнамаға қатысуды ұсынады. Бірнеше сұрақтардан кейін сұхбат алушылардың телефон нөмірлерін жазып алып, біраз уақыт өткен соң: «Сіздің сауалнама талоныңыз бойынша сіз туристік жолдама иегері атандыңыз!» деген қуанышты хабармен телефон шалады. Әрі қарай сыйлық алуға кеңсеге шақырады. Ол жерде бақытты жандарға олар қайда демалуға бара алатындары, қайда тұратындары, не көре алатындары туралы ұзақ баяндап, әңгімелерін қызылды-жасылды суреттермен растайды. Ақыр аяғында жолдаманың тегін емес, апартаментте тұру ақысын төлеу керектігін, билетті өзің сатып алып, тек содан кейін ғана сыйлық сертификатын алатының анықталады. Несі сыйлық екені жұмбақ күйде қалады.

Дайындаған Тамара СУХОМЛИНОВА

23 сәуір 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.