Атырау, 24 сәуір 00:11
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​Қылмыстар хроникасы

2 843 просмотра

Image 0

Сәуірдің 18-нде күндіз «Күзет» мемлекеттік күзет қызметінің қызметкері Говоров көшесінің бойындағы кәсіпорындардың бірінің өткізу ауласында жұмысынан гайкалы 20 болтты алып кетуге тырысқан 52 жастағы қызметкерді ұстады.

***

Сәуірдің 19-нда жол-патруль қызметінің қызметкерлері Атырау-Аққыстау тас жолында «Лада-Приора» көлігін тоқтатқан. 33 жастағы жолаушыдан - Исатай ауданының тұрғынынан 21 келі жас бекіре балығының еті табылды.

***

Атыраудағы сауда үйлерінің бірінде ұялы телефон жөндейтін пункт қызметкері кепілдік ретінде клиенттің 12 мың теңгесін алып, ғайып болған. Іздеу жарияланды.

***

Сәуірдің 20-нда кешкісін ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы мен жол-патрульдік қызмет қызметкерлері Майлин көшесінің бойында «Дэу-Нэксия» көлігін ұстады. Оның жүксалғышында 143 келі қызыл балық болған. Балық жолаушыға, Дамбы поселкесінің 32 жастағы тұрғынына тиесілі болды. Қылмыстық іс қозғалды.

***

Сәуірдің 18-іне қараған түні белгісіз біреу Бигелдинов көшесінің бойындағы үйлердің бірінің жанында тұрған ВАЗ-2114 көлігінің алдыңғы әйнегін сындырып кеткен. Бұзақылық жасады деген күдікпен Тасқала-3 поселкесінің тұрғыны ұсталды.

***

Сәуірдің 18-іне қараған түні Атырау-Индер тас жолының 63-ші шақырымында Махамбет АІІБ қызметкерлері Орал қаласының 30 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Тойота» пикапын ұстаған. Оның шанағынан бір тоннадан астам қара балық табылды.

***

Мақат АІІБ қызметкерлері өткен жылдың қыркүйегінде Доссордағы үйлердің бірінің сарайынан құрал-саймандар мен 7 келі жылқы етін ұрлады деп күдіктелген үш доссорлықты ұстады.

***

Сол күні Атырау-Астрахан тас жолында «Новобогат» бақылау-өткізу қосынында су полициясының қызметкерлері Құлсары қаласының 29 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Рено» көлігін ұстады. Салоннан 6 центнер сазан табылды. Тексеру жүргізілуде.

***

«Бекіре-2015» операциясының барысында желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Атырау әуежайында 27 жастағы жолаушыдан 1 келі қара уылдырық тапты.

23 сәуір 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.