Атырау, 19 сәуір 18:59
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Аудан жаңалықтары

2 836 просмотра

Шипажайға жолдама берді

Құрманғазы ауданының 10-ға тарта тыл ардагері Орал қаласындағы «Ақ Жайық» шипажайына тегін жолдама алды.

Аудан әкімдігі ардагерлердің бару-келуіне арнайы көлік бөліп, қастарына медицина қызметкерлерін ертіп жіберді.

Көшелер жарқырай берсін!

Индербор кентіндегі көшелерді жарықтандыруға биыл 72 млн теңге қаралып отыр.

- Кенттегі соңғы жылдары салынған «Болашақ» және «Шығыс» елді мекендеріндегі көшелерден басқа жерлер түгел жарықтандырылады. Бүгінде мердігерлерді анықтау конкурстары өткізілуде, - дейді аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімінің бастығы Бауыржан ИМАНҒАЗИЕВ.

Көгалдандыру қолға алынды

Исатай ауданы бойынша 1 800 түп қарағаш егілді.

Көгалдандыру жұмыстарына екі мыңға жуық адам қатысты. Талдардың басым бөлігі Нарын, Забурын, Исатай ауылдарындағы саябақтарға отырғызылды.

Чемпионат Аққыстауда өтеді

Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған футболдан облыстық чемпионат Аққыстауда өтетін болды.

Чемпионаттың өтетін уақыты 8-23 мамыр аралығы деп белгіленді. Жеңімпаз команда демеушілер тіккен ақшалай ұтысқа ие болады.

Құмдағы ауылға су барады

Исатай ауданындағы Қызыл үй және Жасқайрат елді мекеніне «Ақ бұлақ» бағдарламасымен ауыз су жеткізілетін болды.

Ауданнан шалғай орналасқан елді мекендерге су жеткізудің жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталуда. Ол үшін бюджеттен 22 млн теңге қаралған болатын.

Студенттер сақманда жүр

Атырау ауыл шаруашылық колледжінің он студенті мал шаруашылығы фермаларында өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр.

Индер ауданы Өрлік селосына келген студенттер қой төлдету қамында жүр.

Субсидиялар - шаруаларға

Индер ауданындағы бес шаруа қожалыққа («Ақтай», «Ізгілік», «Асыл-Агро», «Аманжол», «Райымбек») селекциялық жұмыстарды үлгілі жүргізгені үшін ірі қара малға тиесілі субсидия төленді.

Субсидия құны - 11 млн 930 мың теңге.

Аргерлерге тақта орнатылды

Құрманғазы ауданындағы Еңбекші ауылдық округі үйлерінің жанына 22 соғыс ардагеріне арналған ескерткіш тақтайша орнатылды.

Оның басым көпшілігі ҰОС ардагерлері болса, 4-уі Ауғанстандағы интернационалдық міндетін атқарған соғыс ардагері.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

23 сәуір 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.