Атырау, 28 наурыз 22:42
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

​Мәдениет және демалыс саябағы

2 385 просмотра

Image 0Индербор кентіндегі мәдени-қоғамдық демалыс орталығының құрылысын мерзімінен ерте бітіру күтіліп отыр.

Саябақ Индерборға кіреберіс көпірден түсе көрнекі жерде орналасқан. Аумағы 1, 55 га құрайтын демалыс орталығында құрмет тақтасы, сахна, бұрқақ, балалар ойын алаңы, демалатын орындықтар болады. Ағаштар егіліп, газон төселеді.

Құрылысқа бюджеттен 65 млн теңге бөлінген. Жоба тапсырысшысы - аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі, мердігері - «Алау-Жайық» ЖШС.

Өткен жылдың қарашасында құрылысшылар құрмет тақтасын қондырып, бұрқақ, сахна құрылыстарын жүргізді. Қазір қоршау жұмыстары да аяқтала келген. Күні бүгінде құрылыс басында 30 шақты адам жұмыс жасап жатыр.

Ал, мердігер мекеменің директоры Жасұлан СЕЙІТҚАЛИЕВ нысан құрылысын мерзімінен ерте бітіруге жұмыстанып жатқанын хабарлады.

- Біз кесте бойынша мәдени-қоғамдық демалыс орталығы құрылысын тамызда бітіруіміз тиіс. Бірақ жергілікті әкімдік Ұлы Жеңіс мерекесін сонда өткізу үшін құрылысты 9-шы мамырға дейін аяқтауымызды сұрап отыр. Біз әрине, бар күшімізді саламыз, бірақ құрылысты мерекеге дейін бітіре алмасақ, тамызға дейін бітіреміз.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

23 сәуір 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.