Атырау, 29 наурыз 02:15
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ақыры түрмеге кетті

2 001 просмотра

Image 017 сәуірде сағат 17 шамасында Атырауда Азаттық даңғылындағы азық-түлік дүкеніне қарақшылықпен шабуыл жасалды.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, үш қаскүнем сатып алушылар жоқ кезді пайдаланып, сатушыны темір сойылмен және пышақпен қорқытып, орынжайда тұрған төлем терминалын бұзады. Ақшаны алған басбұзарлар қашып кетеді.

Сол күні кешке үшеуін де полиция ұстады. Ұсталғандардың барлығы да Балықшының 20 жастағы тұрғындары екен. Екеуінің үстіміздегі жылдың қаңтары мен наурыз айлары арасында ұсақ азық-түлік дүкендеріндегі терминалдарды тонауға қатысқаны анықталды.

Осы жерде бір қызық жайт бар. Алғашқы ұрлықтарынан кейін бұл екеуіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу кезінде ешқайда кетпеу туралы қолхат арқылы босатылған екен. Өздеріне қатысты тергеудің жүріп жатқанына қарамастан, олар тағы бірнеше ұрлық жасап, полиция қолына талай түскен, барлық жағдайда да қолхат арқылы босатылып отырған. Өйткені, келтірілген шығын 500 АЕК-тен аспаса, күдіктілерді сотқа дейін қамауға алуға заң рұқсат етпейді.

Бұл жолы ҚК-ның «ауыр» бабы бойынша айыпталғандықтан, үшеуі де уақытша қамау изоляторына тоғытылды. ҚР ҚК-нің 192-бабы («Қарақшылық») бойынша іс қозғалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

22 сәуір 2015, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.