Атырау, 24 сәуір 20:20
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Автобус жүргізушісі шартты түрде бес жыл жаза алды

2 444 просмотра

Image 014 қаңтарда Сәтпаев даңғылының бойындағы жаяу жүргіншілер жолында екі әйелді қағып кеткен автобус жүргізушісінің ісі бойынша сот аяқталды Атырауда автобус екі әйелді қағып кетті» жарияланымын қараңыз).

Облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай ҒАЛИЕВ хабарлағандай, марқұмдардың туыстары жүргізушіні кешіріп, бас бостандығынан айырмауға байланысты жаза тағайындауды өтінген. Сот оны ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-тармағы («абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша кінәлі деп таныды. Жеңілдететін жағдайлар ескеріліп, сотталушыны шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

22 сәуір 2015, 11:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.