Атырау, 29 наурыз 07:20
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Тасмағамбетов пен Шойгу Тайсойған туралы келісімге қол қойды

2 533 просмотра

Image 0Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ 16 сәуірде Мәскеуде Қазақстан және Ресейдің қорғаныс министрлері Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВ пен Сергей ШОЙГУ «ҚР мен РФ арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы РФ Қорғаныс министрлiгiнiң (ҚР аумағында орналасқан объектілерi мен ұрыс алаңдары) 929 Мемлекеттiк ұшу-сынақ орталығын пайдалану тәртiбi туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» хаттамаға қол қойды. Бұл туралы бізге телефон арқылы ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ хабарлады.

Әңгіме Кеңес жылдары құрылған Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарының аумағында орналасқан Тайсойған әскери полигоны туралы болып отыр. Қазіргі келісімге ауылдық, аудандық, облыстық әкімдіктердің, екі елдің қорғаныс министрліктерінің қазіргі кезде ресейлік әскерилер қолданып жүрмеген жерлерді белгілеу жөніндегі үш жылдық жұмыстары түрткі болған. Нәтижесінде полигон алаңы 80 пайызға кішірейді Тайсойған полигоны бес есеге кішірейді»). Облысымыздың аумағында полигон Қызылқоға ауданы аумағының үштен бір бөлігін алып жатыр. Сонымен қатар оған Атырау қаласы түбіндегі Ақжар поселкесі мен Индер ауданының Сарымайшағыл ауылының жанындағы аумақ та кіреді. Босатылатын ауқымды аумақ құнарлы және мұнайға бай жерлерден тұрады.

С.Еңсегеновтің айтуынша, енді ҚР үкіметінің Келісімді бекітуі және оны ҚР Парламентінің ратификациялауы ғана қалып тұр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

18 сәуір 2015, 12:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.