Атырау, 29 наурыз 06:12
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Назарбаев пен Ердоған түрік қаражатына салынған жаңа мешітке барды

1 611 просмотра

Image 0Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоған Түркістандағы түрік тарапының қаражатына салынған мешітке барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, екі елдің басшысы Түркістандағы 2 мың орындық жаңа мешітті аралап көріп, дін өкілдерімен және қала тұрғындарымен әңгімелесті.

Айта кетейік, мешіт құрылысы туралы келісімге Түркістан қаласының 1500 жылдығын мерекелеу барысында қол қойылған болатын. Мешіт 2 гектар аумақта орналасқан, мұнараларының ұзындығы - 33 метр, күмбезі - 31 метр.

Бұған дейін Қазақстан мен Түркия президенттерінің "Әзірет Сұлтан" тарихи-мәдени мұражайына барғаны хабарланған болатын. Ол жерде Нұрсұлтан Назарбаев пен Реджеп Ердоған Қожа Ахмет Яссауи мавзолейін аралап көріп, Қазақ хандығының тарихынан сыр шертетін жәдігерлермен танысты.

Дереккөз: tengrinews.kz

17 сәуір 2015, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.