Атырау, 20 сәуір 14:31
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Хакасияда өрт құрбандары саны 30 адамға жетті

1 962 просмотра

Image 0Ресейдің Хакасия аймағында бір аптаға ұласқан табиғи өрттен құрбан болғандар саны 30 адамға жеткен. Тағы екі адам із-түзсіз жоғалғандар санатында.

Соңғы мәліметтер бойынша, Хакасияда ауруханаларға 1072 адам медициналық көмек сұрап барып, оның 53-і жатқызылған. 1300-ден астам үй мен 33 елді мекен өрттен зардап шеккен. 4700-дей адам баспанасыз қалған.

Алдын ала есептеулер бойынша, өрттен келген шығын жеті миллиард рубльді құрайды.

Забайкалье мен Бурятия өлкелерінде орман және далалы жерлерде шыққан өртті сөндіру жұмыстары жүріп жатыр. Өрт аумағы 100 мың гектерды құрап отыр.

Кеше өлкедегі мемлекеттік орман қызметі басшысының міндетін атқарушы Руслан Балагур "лауазымын теріс мақсатта пайдаланды" деген күдікпен ұсталған.

Забайкальеде соңғы үш тәулікте орман өртіне байланысты 25 қылмыстық іс қозғалған.

Соңғы төрт күнде 18 елді мекенде 200-ден аса үй өртенген.

Дереккөз: Азаттық радиосы

17 сәуір 2015, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.