Атырау, 19 сәуір 05:49
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Астананың ірі құрылыс компанияларында "жабайы бригадалар" жұмыс істейді

1 487 просмотра

Image 0Астананың ірі құрылыс компаниялары "жабайы бригадаларды" жұмысқа алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі астаналық еңбек инспекциясы басқармасына сілтеме жасап.

Еңбек инспекциясы бойынша басқармада "Астана қаласындағы құрылыс нысандарындағы заң бұзушылықтар мен қауіпсіз еңбек жағдайын ұйымдастыру туралы" біріктірілген кеңес өтті. Оған қала мен аудандардың прокуратура органдары, ІІД, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы, Сәулет басқармасы, Астана кәсіпкерлер палатасы мен Астана әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошунның төрағалығымен 200-ден аса құрылыс компаниясының басшысы қатысты.

"Еңбек инспекциясы бойынша басқарма басшысының орынбасары Қайрат Ысқақов өз баяндамасында Bi Group, "Базис ҚК" ЖШС, "СК Құлагер ҚК" ЖШС, "Компания Бай Таң" ЖШС, "АДС Құрылыс" ЖШС компаниялары басшыларына норма мен қауіпсіздік талаптары және еңбекті қорғау бойынша ескерту жасады, оның ішінде әсіресе құрылыс нысандары қоршауларының талапқа сай болмауы, жұмысшыларда жеке және ұжымдық қорғаныш пен биік жерлерде жұмыс істеу кезінде қорғайтын қоршаулардың болмауы баса айтылды", - деді басқармадағылар.

Сонымен қатар, Ысқақовтың мәліметінше, аты аталған компаниялар қауіпті құрылыс жұмыстарына "жабайы бригадаларды" салады, олар - кәсіби біліктіліктері төмен немесе тиісті білімі мен тәжірибесі жоқтар. Жұмысшылар еңбек келісімшартысыз жұмысқа алынатындықтан, еңбекақы төлеу кезінде даулы жағдайлар жиі болып тұрады.

Басқармадағылардың айтуынша, кеңес соңында Астана әкімінің орынбасары аты аталған компанияларға осы олқылықтардың орнын толтыруға 20 сәуірге дейін уақыт берді. Сонымен қатар, 2015 жылы 1 мамырда прокуратура органдары қауіпсіздік талаптары мен еңбекті қорғау бойынша құрылыс компанияларына тексеріс жүргізеді, ал мамыр айының ортасында құрылыс компанияларының қатысуымен кеңес қайта өтіп, тексеріс қорытындылары жарияланады.

Дереккөз: tengrinews.kz

17 сәуір 2015, 12:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.