Атырау, 29 наурыз 13:17
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«АЖЭО» президенті М. Қалиев: «Біз тек өзімізге ғана сенеміз»

2 761 просмотра

Image 0Өткен жылы ЖЭО өндірген және өткізген электр қуатының көлемі 2013 жылға қарағанда 3,5%-ға артып, 1,5 млрд киловатт-сағатты құрады, деп хабарлады кәсіпорынның 2014 жылғы қызметі туралы есебінде «Атырау ЖЭО» президенті АҚ Мұхамбетқали ҚАЛИЕВ.

Электр станциясының қуаттылығы «Тарифті инвестицияға ауыстыру» бағдарламасын жүзеге асыру басталған 2009 жылмен салыстырғанда 215-тен 314 мегаваттқа дейін, ал бу қуаты сағатына 1 640-тан 2 520 тоннаға дейін өсті деп хабарлады М. Қалиев.

Біз АЖЭО басшысына бірнеше сұрақ қойдық.

- «Тарифті инвестицияға ауыстыру» бағдарламасы аяқталуға жақын, 2016 жылдан бастап АЖЭО электр қуатының еркін нарығы жағдайында жұмыс жасауы қажет. Дайынсыздар ма?

- Үкімет қаулысына сәйкес, біз соңғы жылдары кәсіпорынның инвестициялық бағадарламасы салынған шекті тарифпен жұмыс жасап жатырмыз. Қазіргі уақытта «Энергетика туралы» заңға өзгеріс енгізу дайындалып жатыр. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда электр энергиясы қуаттылығы нарығы жұмыс жасай бастай ма, әлде кейінге шегеріле ме, белгісіз. Нарық жасау тұжырымдамасы әлі толықтай әзірленіп болған жоқ. Алайда елдің энергетика жүйесі соған қарай келе жатыр. Осыған байланысты біз АЖЭО қуаттылығын арттырдық.

- АЖЭО-ға осындай қуат қоры не үшін қажет?

- Қор өз ресурстарын орындаған жабдықтарды қолданыстан шығарып, жөндеу үшін жасалды. Қазір біз қуаттылығы 100 мегаватт жаңа К-100 турбинасын енгізуді жоспарлап отырмыз, өйткені №6 станциялық турбина өз ресурстарын орындап болуға жақындады.

АЖЭО-дағы төрт қазандық пен турбиналарда жыл сайын күрделі жөндеу жүргізіледі. Бір жарым жыл бұрын №5 турбина өз ресурсын орындады. Біз оны тоқтатып, жөндеп, қазір кері жұмысқа қостық. №6 турбинаның кезегі келе жатыр, содан кейін №7 турбина жөнделеді. Біз үнемі осылай жұмыс жасайтын боламыз деп ойлаймын. Міндетіміз – электр қуаты мен жылу өндіруді төмендетпеу.

- Қазіргі уақытта электр қуатын тұтыну қандай деңгейде?

- Орта есеппен 190 мегаватт. Сенімділік болу үшін қуаттылық қоры болу керек. Өйткені, Атырау облысының тарихи энергетикалық жүйесі оқшауланып құрылған. Егер АЖЭО-да бұзылу орын алса, қуаттылық тапшылығы болады да, өңірге ешкім көмектесе алмайды. «ЕЭС Ресей» РАҚ та, Маңғыстау энергия комбинаты да электр энергиясының қажетті үлкен көлемін бере алмайды. Сондықтан да біздің әрқашан артық қорымыз болуы керек және жабдықтар паркін жаңалап отыруымыз қажет.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Сурет «АЖ» мұрағатынан алынды

17 сәуір 2015, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.